Call-center 1411

You are here

Түшпара өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жоба анкетасы:
Инвестициялық жобаның мақсаты: түшпараны дайындау мен тарату
Өнімділік: 25 200 орама. 
Өнім: мұздатылған түшпара.
Жоба құны: 2,1 млн. тенге.
Қайтарым уақыты: 1 жыл.

Жоба концепциясы

Түшпараны өндіру – көп емес шығындармен және жақсы қайтарымымен болатын, өзінің шағын бизнесінді қарапайым түрде бастаудың бір әдісі болып табылады. Түшпараны өндіру бойынша бизнестің жетістілігімен рентабелділігінің  99% -ға жетуі түшпараның ішіне салатындығына байланысты. Бұл жерде айтылып отырған нәрсе оның ішіне салынатын фарш. Ал дүкендерде сатылатын түшпараның көзге бірінші көрінетіні олардың қамырының аппақ болатындығын айтуға болады.
Сондықтан түшпараны өндіруді ұйымдастырумен айналысуға шешім қабылдасаңыз, оны жасаудағы құрамына көңіл бөлу керек және тұтынушылармен шыншыл болып, оларға түшпараның құрамы туралы нақты мәлімет беруі керек. Ал нақты ұсыну үшін бізге түшпараны өндірудің бизнес жоспары көмектеседі. 

 Өнімді сипаттау

Түшпараны әртүрлі қоспалармен дайындау және тарату:
•     сиыр еті
•     қой еті
Маркетингтің көзқарасы бойынша тімділігі түшпара цехы түшпараның 4-5 түрін өндіргені жақсы.
Маңызды кез: технолог үнемі түшпараның құрамын өзгерту үшін жұмыс жасауы керек және әртүрлі қоспалармен жаңа өнімдерді талдау керек (тауық етімен, күрке тауық етімен, жабайы жануарлардың етімен және т.б.).
Өткізу мен маркетинг

Түшпара цехының  дайын өнімдерін өткізу азық-түлік дүкендері арқылы жүргізіледі. Егер аймақтық сауда жүйесімен өнімді өткізу бойынша келісім шартқа тұрса ол тиімді болады.
Бұл мақсатқа жету үшін коммерциялық ұсыныс қажет, шығаратын өнімнің ассортименті, бағасы және СЭС-тан рұқсат алынғаны туралы міндетті түрде келісімімен қатар ынтымақтастық туралы басшылыққа ұсыныс жасау керек.  
Түшпараны жеткізу бойынша супермаркеттермен жұмыс жасау кезінде маңызды жағдай: тәжірбие бойынша азық-түлік супермаркеттері жеткізушілерге жартылайфабрикаттар үшін төлемді 30 күн ішінде төлейді.  

Технологиялық үрдіс

Өндіріс технологиясы. Түшпараны өндірісінің техникалық тізбегі келесі элеметтерден тұрады:
1.     қамырды  дайындау
2.     фаршты дайындау
3.     түшпараны түю
4.     қатыру
5.     орау
Түшпараны дайындауда маңызды шаралардың бірі болып СЭС-тен және ҚазТұтынуБақылаудан рұқсат қағазын алу болып табылады. 
Келесі құжаттарды міндетті түрде алу қажет:
1.     тіркелге және келісілген техникалық жағдай  (ТУ),
2.     Техникалық  инструкциясы (ТИ),
3.     Мәзірлеме,
4.     Ветеринарлық қызметтен рұқсат,
5.     СЭС-тен гигиеналық қорытынды,
6.    Басқалар (жобаның жекелей ерекшеліктеріне байланысты).
Өндірістін орналасқан жері. Түшпара цехы үшін ғимараты келесі талаптарға сай келуі керек:
•     Цех ғимараты СанПин барлық талаптарының қанағаттандыру керек.
•     Цех ғимараты  (1.3 пункітінде белігендей құрылғыларды орналастыру бойынша талаптарға сәйкес)  300 кв.м. кем болмауы керек
Цех ғимаратында келесі бөлемелер болуы керек: 
•     Шикізатты сақтау үшін бөлме;
•     Дайын өнімді сақтау бөлмесі;
•     Өндіріс үшін бөлме;
•     Персоналдар үшін бөлме;
•     Жуынатын және дәретхана бөлмелері;
Түшпараны өндіру үшін негізгі құрылғылар. Түшпараны дайындайтын машина моделі GL120-5B. Түшпараны құрылғы автоматты түрде минутына 60 дана түйіп шығарады. Оборудование осуществляет автоматическую лепку пельменей со скоростью 60 штук в минуту (3600 дана сағатына). Түшпараны дайындайтын машина GL120-5B типі қарапайым құрылымды және ыңғайлы функциялды: қамырдың қалыңдығы мен фарш көлемі машинаның ауыспалы басқа құрылғысымен ауыстырып отыруға болады.
 Негізгі техникалық параметірлер мен ерекшеліктері:
•     Өнімділігі 3600 дана сағатына (60 дана/мин)
•     Түшпара салмағы ~16-18 грамм
•     Қуаттылығы  1500 Вт
•     Салмағы  нетто 160 кг
•     Габариттік өлшемі 990x470x1150 мм
Түшпараны қаптау мен салу үшін автомат («Донская упаковка»). 
•     Өндіріс қуаттылығы  минутына 7 қорап;
•     Құны 710 мың. тенге;
•     Екікаскадты, термопринтермен жарақтануы
Жеткізушілер және шикізат. Түшпара цехы жұмыс ының негізгі жұмысының бірі жоғары сапалы шикізатты жеткізіп берушілерді таңдау керек. Етпен басқада қоспаларды ірі көтерме фирмалардан алу қажет  (шетелдік көлемді ет), сапасы туралы сертификаты міндетті түрде болуы керек.
Маңызды кез: Негізінен етті жеткізушілер алдын-ала 100 пайыздық төлеммен  тасмалдайды. Ал транспорттық тасмалдау шығындары сатып алушының есебінен болады.
Айта кететін жағдай етті жергілікті фермерлерден сатып алуға болады. Бірақта көптеген аймақтық фермерлер қажетті көлемдегі және сапалы  етті жеткізе алмайды.

1 кг түшпараның өзіндік құны:

Құрамы

Дайын өнімнің салмағындағы %

бағасы, теңге/кг

Сомма

Сиыр еті

18,50%

1 174

         217,19   

Қой еті

12,00%

970

         116,40   

Тұз

0,10%

34

             0,03   

Ұнтақталған бұрыш

0,60%

450

             2,70   

Пияз

10,00%

56

             5,60   

Ұн

40,50%

118

           47,79   

Ұнтақталған жұмыртқа

0,30%

20

             0,06   

Су

18,00%

0,01

             0,00   

Барлығы

100,00%

 

         389,78   

Инвестициялық жоспар

Инвестициялық салым

Сомма

Түшпара аппараты GL120-5B

250 000

Түшпараны қаптау мен салу үшін автомат

710 000

Капитал айналымы

  1 227 794   

Барлығы

2 187 794

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түшпара аппараты GL120-5B
Түшпараны дайындайтын машина GL120-5B типі қарапайым құрылымды және ыңғайлы функциялды: қамырдың қалыңдығы мен фарш көлемі машинаның ауыспалы басқа құрылғысымен ауыстырып отыруға болады.
Сонымен қатар түшпараның дәстүрлі қытайлық формасын құруға, түшпара-бәліш, пампушка фаршпен және түшпара «Хуньдунь», түшпараны қайнату үшін қытайлық «самовар» (түшпара), түшпара «Юньтунь» және көптеген қоспалармен және басқада түрлері.
Негізгі техникалық параметірлер мен ерекшеліктері:
•     Өнімділігі 3600 дана сағатына (60 дана/мин)
•     Түшпара салмағы ~16-18 грамм
•     Қуаттылығы  1500 Вт
•     Салмағы  нетто 160 кг
•     Габариттік өлшемі 990x470x1150 мм
Түшпараны қаптау мен салу үшін автомат 
Негізгі техникалық параметірлер мен ерекшеліктері:
•     Өнімділік 16 мин./дана
•     Пакетті жапсыру уақыты 1 сек.кем емес
•     Пакет ұзындығы/пленка ұзындығы, мм. 110/245, 130/285, 150/325, 162,5/350, 185/395.
•     Пакет ені 50 – 300 мм.
•     Максималды рулон диаметрі 350 мм.
•     Бекітілген қуаттылығы 0,5 кВт.
•     Габаритті өлшемі 480х580х790 мм.
•     Салмағы 40 кг.
Капиталдың айналымы. Цехтын  жұмысын бастау үшін шикізатты сатып алу үш айға алдын-ала жүргізуі керек.

Қаржылық жоспары

Шығындар мен пайдасы жөнінде есебі

Атаулары

Барлығы

Түшпараны таратудан түсетін түсім

10 080 000

Өндірістік шығындар – шикізат

4 911 175

Жалпы пайда

5 168 825

Операциялық шығындардың жиынтығы

2 731 920

       Жалақы  

1 615 920

       Ғимараты жалға алу

600 000

       Коммуналдық қызметтер

264 000

       Орау  материалдары

252 000

Операциялық табыс

2 436 905

Корпоративті табыс салығы

302 400

Таза пайда

2 134 505

Түшпараны таратудан түскен түсімдер. 1 қорап түшпараның бөлшек бағасы 400 теңгені құрайды.  100 пайыз түшпараны сатудан жағдайында түсетін жалпы түсім: 25 100 қорап х 400 теңге = 10,04 млн. теңге жылына.

Күніне өндіру, қорап

100

Жалпы сату, қорап/жылына

      25 200   

Сатылым бағасы, теңге/қорап

400

Жылына түсім

 10 080 000   

Өндірістік шығындар - Шикізат: түшпараны өндірудегі негізгі тікелей шығындарға қоспалар жатады.

Өндірілген түшпара пакеттер саны

25 200   

Бір пакет салмағы, кг

                               0,5

1 кг-дағы өндірілген өнім

12 600   

1 кг түшпараның өзіндікқұны

389,78   

Шикізатқа кеткен шығындар барлығы

4 911 175   

Жалақы және бюджетке аударым. Мини-цехтың тиімді жұмыс жасауы үшін келесі персоналдар керек

Мамандар

Айлық

ФОТ жылдық

Технолог - операторлары (2х45,000)

90 000

1 080 000

Әртүрлі жұмысшылар

30 000

360 000

Жалпы

120 000

1 440 000

Әлеуметтік салық. Жобаны талдаушы өзі үшн айлық есептік көрсеткішті екі көлемде және әр жұмысшы үшін айлық есеп көрсеткішті бір көлемде  әлеуметтік салық төлейді  (1 852 теңге АЕК * 2 * 12 айына + 1 852 теңге АЕК * 3 жұмысшы * 12 ай. = 111 120 теңге). Әлеуметтік аударым жалақы көлемінің  5 %-бен  және міндетті зейнетақы жарналарына тең  (1 440 мың. тенге *(1-10%)*5% = 64 800 тенге).

Әлеуметтік салық, тенге

111 120

Әлеуметтік аударым, тенге

64 800

Ғимаратты жалға алу. Өндірістік ғимараттың  аумағы 100 квадрат метр 500 тенге/м2 айына, ал жылына - 600 000 теңгені құрайды. 

Коммуналдық және транспорттық шығындар:

Коммуналдық және транспорттық шығындар

Айына шығын нормасы

Жылына барлығы

Коммуналдық төлемдер

10 000

120 000

Транспорттық шығындар

12 000

144 000

Жалпы

22 000

264 000

Орау материалдарына шығындар:

Бағасы, теңге/данасына

                            10   

Пакеттер саны, данасына

                     25 200   

Барлық шығындар

                   252 000   

Бюджетке төлемдер мен салықтар. Жоба аясында салық салу жүйесінің қысқартылған  көлемі бойынша 3% түскен түсімнен  -  302 мың. теңге (10,1 млн. теңге * 3%). копоративтік табыс салығын төлейді.

Мемлекетік қолдау шаралары мен қаржыландыру

«Жұмыспен қамту – 2020»  бағдарламасы бойынша шағыннесиелеу  – Ауылшаруашылығын  қаржылық қолдау Қоры жоғарыда айтылған бағдарлама бойынша жеке ісін кеңейту үшін ұйымдарды несиелейді. Капитал айналымын толықтыру үшін 6% мөлшерінде, 54 айынан көп емес мерзімге.
БВУ арқылы несиелеу.  Бизнестін Жолкартасы 2020 аясында 7 пайызға дейін несиелік мөлшерлемесі негізінде сыйақымен субсидтеу.

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

27.06.2014