Call-center 1411

You are here

Ірімшік өндіру бойынша кіші цех ұйымдастыру

Жоба сипаттамасы

Жоба анықтамасы:
Инвестициалық жобаның мақсаты: Қатты ірімшік сұрпын өткізу және өндіру.
Өнім: Қатты ірімшік.
Өнімділік қуаты: жылына 30 000 кг.
Жобаның құны: 11,3 млн. тенге.

Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы 30 000 кг сүтті ірімшік қуатынан жылына қатты ірімшіктен 100 % жүктеуден өндірістік цех құру. Қазақстандық кәсіпкерлер ірімшік нарығына деген қызығушылықты бірнеше жыл бұрын бағалаған. Заманауи тенденциялар бүгінгі күнге дейін сақталынған: өнім нарықта сұранысқа ие.

Өнімнің сипаттамасы

Ірімшік – сүзбеге қарағанда өте бағалы сүтті өнім. Ірімшік құрамында пептидтер мен аминокислодтар бар, ол сүзбеге қарағанда жақсы сіңеді. Жобаның тұжырымдамасы ірімшіктің қатты сұрпын өндіретін цех құруды қарастырады. Қатты ірімшік – піскен және піспеген сығымдалған ірімшік. Нақ осылар қайсы дүкендердің болмасын негізгі ассортименті болып табылады және пайдалану бойынша көшбасшы болып келеді.

Маркетинг және өтім

Алдағы жылы әлемдік қаржылы-экономикалық дағдарысқа қарамастан Қазақстанда малшаруашылығы өнімін өңдеу қарқынды дамуда.
Нарықтың көлемі 20мың тонна ірімшік пен сүзбені құрайды, ал ішкі өнімнің көлемі 14 мың тонна ірімшік пен сүзбені және 5мың тоннаға жуық импортты құрайды. 
Мақсатты аудитория орта дәрежелі жетістіктегі сатып алушы болып табылады. Сондықтан өндіруге орта бағалы қатты ірімшік сұрпын өндіру керек. Сөзсіз негізгі сатып алушылар дүкендер, әмбебап дүкендер, кафе және ресторандар болып табылады және олармен ұзақмерзімді және өзара тиімді серіптестік орнатады. 
Сұранысты құру және ынталандыруды өткізу жоспарлау келесі кезеңдерден өтеді:
•    Басқалармен салыстырғанда бағаның төмен деңгейі; 
•    Білікті қызметкер;
•    Заманауи жабдық;
•    Сұранысты ынталандыру бойынша бағдарламаны жүзеге асыру.

Өнімнің технологиясы

Ірімшікті өндірудің технологиясы ауыр биохимиялық үрдіс болып табылады, бұл микрофлоралар мен ферменттердің ықпалымен жүреді және оны дайындау үрдісінде қатаң жүйелілілікті талап етеді. 
Ірімшікті өндірудің кезеңі:
•     Сүтті даярлау;
•     Сүтті қоюлату   және біртекті масса алу ;
•     Ірімшіктің пісіп жетілуі;
•     Ірімшікті тұздау
Ірімшік жасауда ірімшік жасаудың бастапқы шикізатының сапасына ерекше талаптар қойылады.
 Сүтті даярлау.
Оның құрамында қажетті ақуыздың болуы, ол алынатын өнімді көбейтеді және шикізат шығынын азайтады. Микрофлораның дамуынан сақтау және оның әрі қарай бұзылуын болдырмау үшін, алдымен сүтті тазалау және мұздату қажет. Бұл поцесте сүттазалау сүзгілері немесе сеператорлар қолданылады.
Сүтті қажетті өнімділікте пластинкалық мұздатқыштарда 7-8°С температурасына дейін мұздатады. 
Cүттің дайын болуы.
Сүт 12 ден 24 сағат аралығында дайын болады,  осы аралықта ол қышқылданады. Шикі тазаланған сүтке де, зарарсыздандырған сүтке де қажетті уақытын сақтау қажет. Зарарсыздандырған сүтке  ашыған  сүт бактерияларының ашытқысын (немесе жұмыршақ компонентті) қосу керек.  Жаңа сүтті, дайын болған сүтті қосу арқылы да пайдалануға болады (2:1 қатынаста).  Осыдан кейін сүтті қоюлану температурасына дейін мұздату керек. Оның нормаға келуі кілегейді бөлу-сепараторында, ал зарарсыздандыру пастерлеу-мұздатқыш қондырғыларында 74-76° температурасында 20 секунд ішінде жүзеге асады.  Жылумен  өңдеу кезінде микроорганизмдердің вегетативті формалары жойылады, ферменттер инактивациясы және сүтті қоюлату жүзеге асады (32°С температурасына дейін). Сүттің қышқылдығы қоюлату процесінің алдында  20-22 Тернер градусынан кем болмауы керек.
 Жұмыршақтық қоюлану
Ірімшік дайындау ваннасында оны жұмыршақ қоюлатуға даярлайды, яғни кальции мен хлорид ерітіндісін, бактериалды ашытқыны қосады. Қажет болған жағдайда жұмыршақ ферменттерді қосады.  Ресей ірімшігін даярлау кезінде ашыған  сүт  және хош иісті стрептококтарды пайдаланады (0,8-1,1% көлемінде). 
        Көбіне өндіріс процесінде кальциді көбейту және қоюлығын арттыру мақсатында  (жалпы мөлшерінің бестен бір бөлігін) жетілген сүт қолданылады. Жұмыршақ ферменттерді қосу арқылы қысқа уақыттың аралығында сапалы қоюлық  алуға болады. Сүттің қоюлану процесі 32°С температурасында жарты сағаттың ішінде жүзеге асады.  Алынған қоймалжыңды кеседі де 45 минут бойы кептіреді, ал қалған үшінші бөлігі алынып тасталынады. Сусыздандыруды жылдамдату үшін ірімшік түйіршіктерін екінші ретті қыздыру қажет (t 40°С - 30 мин.). Екінші ретті қыздырудан кейін ірімшік массасын 50 минут бойына кептіреді.  Сонымен өңдеудің жалпы ұзақтығы 2-3 сағатты құрайды. Ірімшік түйіршігінің шамасы 5-6 мм құрауы тиіс. 

Ірімшіктің тұздалу  және өнімнің дайын болу процесі.
Қатты ірімшікті тұздау алдын ала 70% сарысуды алып тастап, ірімшік түйіршіктерін кептіріп болған соң соңында жүргізіледі. Концентрацияланған  тұзды ерітіндіні 30 минут ішінде ірімшік түйіршіктеріне араластыра отырып  қосады. Насос көмегімен ірімшік түйіршіктері сарысубөлуші бөлімшеге беріледі де, сол жерден қалыптарға төгіледі. Сығымдау бір рет аудару арқылы 1 сағат жүргізіледі. Келесі кезекте арнайы құрылғыда (пресс) ірімшік массасы тағы да 4 сағат сығымдалады, ол жерде оның  қышқылдығы арта түседі. Ірімшік 10 тәулік бойына кептіріліп, парафинополимерлі құймамен көмкеріледі. Сонымен қатар ірімшік өндірісінде жалпы қабылданған стандарттарға сәйкестігіне технохимиялық бақылау жүргізу қажет.

1 кг. қатты ірімшікті дайындау үшін (құрамында  45 % суы бар)

Атауы

1кг. ірімшікке қажетті  мөлшері

 

Бағасы

 

Сомасы

Сүт

9

70

630

Сүт ашытқылары мен хош иісті стрептококтар ашытқысы

0,01

300

3

Барлығы (тенге)

 

 

633

Инвестициялық салымдар

Салымдардың атауы

Саны

Бағасы

Сомасы

100 л мөлшерде ұзақ уақыт пастеризациялау ваннасы

1

1 500 000

1 500 000

200 л мөлшерде ИПКС ваннасы

1

4 000 000

4 000 000

Парафинер

1

500 000

500 000

Ірімшікке арналған пресс

1

1 500 000

1 500 000

Вакуумді қалып

1

1 600 000

1 600 000

Мұздатқыш камера

1

1 200 000

1 200 000

Үстел

2

30 000

60 000

Сепаратор

1

1 000 000

1 000 000

Барлық шығын: 11 300 000 тенге

1-ші операциялық жылдағы кіріс пен шығындардың есебі

Бөлім атауы

жылына, тенге

Ірімшікті сатудан түскен түсім

30 000 000

Тікелей шығын

18 990 000

Жалпы табыс

11 010 000

Жалпы операциялық шығындар

6 743 518

Еңбек ақы

3 070 000

Еңбек ақы қорынан бөлінулер

293 718

Ғимарат арендасы (жалға алу)

2 400 000

 Жарнама

120 000

Коммуналдық төлемдер (электроэнергия, су, қоқыс шығару)

240 000

Басқа да жоспарланбаған шығындар

60 000

НҚ амортизациясы  (6%)

559 800

Операциалық табыс

4 266 482

Корпоративті табыс салығы

900 000

Таза пайда

3 366 482

Ірімшікті сатудан түскен түсім. Жылына кг. 1000 тенге бағада 30000 кг. дайын өнімді сату жоспарланған.  Барлығы жылына: 30 000 кг* 1000 тенге = 30 млн. тенге.
Тікелей шығындар. Бір кг қатты ірімшіктің өзіндік құны 633 тенге. Барлығы жылына : 30 000кг*633 тенге = 18 990 000 тенге.

Операциалық шығындар:

Шығындар

айына

жылына

Еңбек ақы  

250 000

3 070 000

Ғимарат арендасы (жалға алу)

200 000

2 400 000

Коммуналдық төлемдер (электроэнергия, су, қоқыс шығару)

20 000

240 000

Жарнама шығындары

10 000

120 000

Басқа да жоспарланбаған шығындар

5 000

60 000

Барлығы

485 000

5 820 000

Еңбек ақы талдамасы:

Қызметі

саны

айына

жылына

Технолог

1

70 000

70000

Сату бойынша менеджер

1

70 000

840 000

Жұмысшылар

3

60 000

2 160 000

Жалпы персоналдар бойынша

5

 

3 070 000

Әлеуметтік салық. Жоба инициаторы өзі үшін екі айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді және  бір айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде  әрбір жұмыс істеушіге төлейді (1 852 тенге АЕТ * 2 * 12 ай + 1 852 тенге АЕТ * 5 жұмыс істеуші  = 155 568тенге).  Әлеуметтік аударым еңбек ақы сомасының 5 %-  нан  міндетті зейнетақы жарналарын алып тастағанға тең (3 070 мың. тенге *(1-10%)*5% = 138 150 тенге).

Әлеуметтік салық, тенге

155 568

Әлеуметтік аударым, тенге

138 150

Жобаны қаржыландыру

Егер сіздің өзіңіздің жеке қаражатыңыз болмаса, бірақ жеке бизнес ашуға деген құштарлығыңыз зор болса, онда қосымша капитал тартудың бірнеше жолдары бар. Қаржыландыру жолдары:
ЕДБ арқылы несиелендіру. Қаржылық есептеулер 14% мөлшерлемеде,  өтеу мерзімі 18 айды құрайтын,   төлемді кешіктірген жағдайда  %  бойынша жарты жылға мұрсат беретін, ай сайын төленіп отыратын  қарыз қаржыландырулар. 
«Жұмысбастылық бағдарламасы – 2020» жүзеге асыру аясында несиелендіру. Бағдарламада ауыл тұрғындарына жеке істерін ұйымдастыру үшін бюджет қаражаттарын бөлу қарастырылған. 

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

27.06.2014