Call-center 1411

You are here

2-БАҒЫТ: ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

ЕКІНШІ БАҒЫТ: ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

  • "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

    "БАСТАУ БИЗНЕС" ЖОБАСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

    "Бастау Бизнес" жобасы жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлік дағдыларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру бойынша оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған

    "БАСТАУ БИЗНЕС" ЖОБАСЫНА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

    Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар
    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар
    2018 жылдан бастап қалада, оның ішінде моно және шағын қалада тұратын жұмыссыздар

    Қайда бару қажет?

    Ауыл (аудан) әкімдігіне
    Халықты жұмыспен қамту орталықтарына
    "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасына

    "БАСТАУ БИЗНЕС" ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

    Тестілеу
    Бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес кеңес беру
    Бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық
    12 айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу

    "БАСТАУ БИЗНЕС" ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ПРОЦЕСІ ҚАНША УАҚЫТҚА СОЗЫЛАДЫ?

    Оқу процесінің жалпы ұзақтығы кемінде күнтізбелік 25 күнді құрайды
    Оқу процесіне міндетті түрде дербес кеңес беру, жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтер кіреді
    Оқу қорытындысы бойынша "Бастау Бизнес" жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат беріледі
  • Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту

    Кімдер қатыса алады?

    Зейнеткерлік жасқа жетпеген жұмысшылар
    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар
    Кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмысын жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер
    Ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері
    Шаруа және фермер қожалықтары

    КРЕДИТТЕР МЕН МИКРОКРЕДИТТЕР АЛУДА БАСЫМ ҚҰҚЫҚҚА КІМДЕР ИЕ?

    "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификаты бар қатысушылар

    ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?

    Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
    Бар болса, кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы құжаттың (куәлік, сертификат) көшірмелері

    ҚАЙДА БАРУ ҚАЖЕТ?

    Үміткерлер тікелей не ӨКП-нің аудандық филиалдары/қалалардың, аудандардың, ауылдық округтердің және елді мекендердің әкімдеріне
    Халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы тексерулер нәтижелері бойынша кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін 2 жұмыс күні ішінде үміткерлерге жолдама береді

    КРЕДИТТЕР МЕН МИКРОКРЕДИТТЕР НЕ ҮШІН БЕРІЛЕДІ?

    Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкердің қызметін кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін дамыту үшін
    Қалалар мен моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің қызметін кеңейту үшін ұсынылады

    БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА КРЕДИТ ПЕН МИКРОКРЕДИТ ҚАНША ЖЫЛҒА ЖӘНЕ ҚАНША ПАЙЫЗБЕН БЕРІЛЕДІ?

    Кредит пен микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін
    Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды
  • Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиттер мен микрокредиттерге кепілдік беру

    КЕПІЛДІК ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БЕРІЛЕДІ?

    Кредиттер мен микрокредиттер бойынша микроқаржы ұйымдарымен, кредиттік серікестіктермен, екінші деңгейлі банктермен 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдік беріледі:
    Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға
    Қалаларда және моноқалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту

    АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖӘНЕ ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДА БЕРІЛЕТІН КРЕДИТТЕР МЕН МИКРОКРЕДИТТЕРДІ КЕПІЛДЕНДІРУ ҚАНДАЙ ҰЙЫМДАР АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

    "ҚазАгроКепіл" АҚ
    "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
  • Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

    МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

    Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі
    Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде ұсынылады
    "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады

    МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БЕРІЛЕДІ?

    Мемлекеттік грант қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады
    Мемлекеттік грант тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге және жалдау ақысы ретінде берілмейді
    Бағдарламаға қатысушының мемлекеттік гранттарды бір рет қана алуға құқығы бар
    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады