Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Жеке кәсіпкер Мухитов Махамбет Жолдаскалиұлы 2013 жылы “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының ІІ бағыты бойынша шағын несие алу мақсатында құжаттарын Атырау қалалық Жұмыспен қамту орталығына тапсырды.

“Astana School of Business and Technology” ЖШС арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтіп, жылыжай шаруашылығы мақсатына 3 млн.теңге көлемінде шағын несие алды.

Томарлы ауылының маңынан жылыжай салды. Жылыжайда жасыл өскіндерді суару голландиялық әдіспен жүзеге асырылуда. Жылыжайдың жалпы көлемі 400 шаршы метрді құрайды.

Өз ісінен пайда көріп, көкөністердің жаңа түрлерін өсіруді жоспарлап отыр. Қосымша үш жұмыс орнын құрып, 3 адамды жұмыспен қамтыды.

Атырау облысы, 17.09.2014

     Қалиева Айнұр Романқызы, Атырау облысының Геолог селолық округінің тұрғыны, жастайынан сурет өнеріне қызығушылығы болғандықтан, Атырау қаласында Кіші өнер академиясында «киім пішу және модельдеу» мамандығын меңгерді. Осы мамандықты одан әрі дамыту мақсатында Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына «дизайн интерьері» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оқу орынын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жеке ісін ашуға жоспарлады.

       Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты арқылы шағын несие алып, өз ісін ашуға мүмкіндіктер бар екендігін біліп, Қалалық жұмыспен қамту орталығына хабарласты.

Атырау облысы, 16.09.2014

Добридник Виктор Романович 1957 жылы 7 маусымында Луганск ауылында дүниеге келген. Өз ісімен айналысу Виктордың ойына бұрыннан келген. Бірақ, оны іске асыру үшінде ақшалай ресурстар керек болды. Виктор сонда-да өз ауылдастарына көліктерді, ауыл-шаруашылық техникаларды жөндеп жүрді. Өз ісінің маманы болуына осы түрткі болды. ЖК «Добридник»-тың ашылу 2 адамға жұмыс істеуге мүмкіндік бергенін айтып өту керек.

«Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының пайда болуы өз ісін дамытуға оң әсер етті. Бұндай мүмкіндікті жібермей, 2012 жылы несие алды. Виктор өз ісін үлкейтумен қоса, автокөлік бояу цехын ашпақ ойда.

Виктор Романовичтың цехына елімізден ғана емес, сонымен қатар Ресей мемлекетінің автокөліктеріде келеді екен.

Өз ісін дамыту және үлкейту үшін «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бойынша тағы несие алмақ.

 

Павлодар облысы, 12.06.2014

Жұмыспен қамту орталығына Нұрқасымова Әсем Сұлтанғалиевна кезге жүгiну беттiң жұмыссызын мәртебе ие болды. Ол 2013 жылды мамырда кеңес бойымен таныс меншiктi iстi ашу үшiн микронесиенiң алуының сұрақтарына арналған алматы облысы үйғыр ауданы жұмыспен қамту орталығына бұрылды. Ол жұмыспен қамту орталығының бағыты бойымен Жаркент қаласында кәсiпкерлiктiң негiздерiне үйрету курстерi өткен. Ол 2013 жылды қыркүйекте Шонжы селода ашуға 2020, 1 миллион көлемiнде 755 мың теңгелер жұмыспен қамту жол картасы бойымен микронесие алды. Ол кредитiн алуынан кейiн жеке кәсiпкер сияқты Салық органында тiркелген. Қорыта келгенде, Әсем 3 жұмыс орыны құрды және тұрақты жұмыс орнына 2-шi жұмыссыздарын жұмысқа орналастырды.

Алматы облысы, 12.06.2014

Арыстанбекова Әсел Әлiбековна Ақмола облысының Жақсы ауданының Жанакиймасы селосында бірінші тiгiн цехын ашты. Жобаның құны - 1 500 000 теңге.  Жанақийма селосы аудандақ орталық болған, халық саны - 2 768.  Селоға ең лайықты кәсіп бірінші тігін шеберханасының ашылуы болды.  

Ақмола облысы, 12.06.2014

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының 2-шi бағыт қатысушысы Денис Довгаль. Жасы отызда. Өз ісін бастауға көптен армандайтын, бiрақ неден бастайтыны белгісіз болды. Бағдарлама туралы теледидардан естіп, микронесие алуға талпынды. Жұмыспен қамту орталығына арызданып бағдарлама қатысушыларының бiрi болды. Ең алдымен кәсiпкерлiктiң негiздерi оқу курсын өтті.  Бизнес жоспар жасады. Бөлінген 3 млн. тенге несиеге Сарыколь ауданында кесілген ағаш дайындамалары цехын ашты.

Қостанай облысы, 12.06.2014

Горячкин Федор Геннадьевич 1982 жылы Атырау қаласында туылған. Екінші топ мүгедегі. 2013 жылы “Казагромаркетинг” АҚ арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқып, сол жылы бірінші траншпен 1,3 млн. теңге көлемінде шағын несие алды. Өзінің ойлаған істерін жүзеге асыру үшін, Сары-Өзек жерінен “Черноречье-5” шаруа қожалығын ашты. Онда ол құс және қоян өсіреді. Қазір Федордың қожалығында тауықтар, үйректер, қырғауылдар, мысыр тауығы (тауық тектес әдемі құс), бөденелер және қояндар бар.

Федордың алдында көп жоспар бар. Ол қояндардың терісін өңдеуды жоспарлайды, осы мақсатта үйрететін дискілер сатып алып, оларды мұқият зерттеуде. Оның арманы жұбайы Ольгамен бірге шаруашылығы берген барлық пайдаға болашақта мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын ашу.

Қожалықта екі адам жұмыс жасайды.

 

Атырау облысы, 12.06.2014

"Атбасар ауданының жұмыспен қамту орталығына" жол картасы микрокредиті бойынша өз өтінішін Магдалиновка кенті Ярославтық селолық округінен Бағысбаев Жансерік Берікбаевич жіберді.

Микрокредитпен алған 3 млн. жуық теңгені өз арманының орындалуына жұмсады. Мүсіндеуге арналған өз шеберханасын ашты.

Кәсіби мүсінші, тек қана архитектуралық мүсін емес, сонымен қатар қала символы болып тұрған Атбасар қаласының шыға берісіндегі ат мүсінің жасаған.

Осындай сүйікті ісімен айналысқан Бағысбаев Ж. қазіргі кезде өз шеберханасын үлкейте түсті және 3 адамды жұмысқа алды: Бундан Людмила, Косенкова Л.Н. және Шкуренко Т.И. Олар ұлттық көрпе,жастық, штор, ламбрекендерге жасалған тапсырысты жасайды. Ұлттар бірлігі күні жұмысшы әйелдер қуыршақтар киімін киді. Олармен түсуге деген ұмтылыс көп болды. Қуыршақтар ішінде Губка Боб,  Леопард, Смешарик және басқа да үлкен сұраныстар болды.

Ақмола облысы, 12.06.2014

Бағдарлама қатысушысы– Қасымбекова Бакзат Турлыбековна, тұган күні-28.01.1967 ж.

1991  жылы Қызылорда педагогикалық университеттінде математика мамандығын бітірген. 1991 мен 2012 жыл аралығында мектепте сабақ берген. Уйленген, 2 баланы тәрбиелеуде. 2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен 3 млн. тенге несие алған. Алынған ақшаға 25 орындық балабақша ашылды. 16 жұмыс орыны ашылды.

 

 

Алматы облысы, 12.06.2014

Рей Владимир Александрович Павлодар ауылының тұрғыны, ол 1985 жылы дүниеге келген.

Достарынан бағдарлама туралы естіп Жұмыспен қамту орталығына арызданды. Қажетті құжаттарды тапсырған соң, 3 млн. теңге көлемінде несие алды. Бизнес-жоспар құрып, Владимир бөдене шаруашылығын ашты. Өйткені бөдене жұмыртқаларын алу, тауық асырауға қарағанда тиімдірек. Кәсіпкер алдымен жалға ғимарат алды. Бөлінген несиені алған соң бірінші кезектегі сатып алу құрал-жабдық болды. Содан кейін тамақтандыру жемдерін, бидай ұсақтатқышты, тор жасау үшін металлды сатып алды. 

Қазіргі кезде бөдене құс шаруашылығы Владимирге тұрақты табыс әкеледі, сонымен қатар өз отбасын ауданды экологиялық таза өніммен қамтуда. Шаруашылықта 3 жұмыс орны ашылып, оған ауыл тұрғындары қабылданған. 

 

 

Павлодар облысы, 12.06.2014

Беттер