Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Мұхамедсадықов Олжас Мұхамедкәрімұлы Көксу ауданы, Мұқыры ауылында тұрады. Олжас Мұхамедкәрімұлы халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіргенге дейін тұрақты жұмыс таба алмады.
2018 жылдың соңында  ол Көксу ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Өткізілген әңгімелесудің нәтижесінің "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушыларының құрамына енгізілді.Оған Бағдарламаның үшінші бағыты аясында "Сұңқар" шаруа қожалығына тракторшы ретінде әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу ұсынылды.Әлеуметтік жұмыс орындары аяқталғаннан кейін осы шаруа қожалығына механизатор-тракторшы болып тұрақты жұмысқа орналасты.Олжас Мұхамедкәрімұлы жұмысқа орналасуға және оның отбасының материалдық әл-ауқатының деңгейін арттыруға мүмкіндік берген Бағдарламаға ризашылығын білдіруде.

Алматы облысы, 17.05.2019

Казибекова Жанар Саветханқызы 26.09.1985 жылы туған, Көксу ауданы Жетіжал ауылының тұрғыны, ұзақ уақыт бойы өзіне ұнайтын жұмыс таба алмады.

Алматы облысы, 17.05.2019

Зинченко Виктор Викторович, 26. 01.1988 түылған .жылы, Аққөл қаласының түрғыны. Ақкөл қ. жұмыспен қамту орталығына жүгінді, мамандардан кеңес алып, «Дәнекерлеуші» мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқудан өту құжаттарын тапсырды. 2018 жылдың сәуір айында №10 агротехникалық колледжге оқуға жіберілді. Оқуды аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша "Базис-СТ" ЖШС жұмысқа орналасты.

Нұр-Сұлтан қ., 16.05.2019

Әкімова Гүлжанат Рахметқызы 1987 жылы туды, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласының тұрғыны, тұрмыс құрған, бес баланы тәрбилеп өсіріп отыр.
2018 жылдың басында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген микрокредит алу мүмкіндігі жайлы білгеннен кейін Гүлжанат Рахметқызы Халықты жұмыспен қамту орталығына кеңес алу үшін жүгінді.

Солтүстік Қазақстан облысы, 15.05.2019

Ниязшаев Бекболат Дагабергенұлы 1984 жылы дүниеге келген. Туған жері – Узбекистан Республикасы. 2003 жылы «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша Бердах атындағы Қарақалпақ Мемлекеттік университетінің Кунград филиалының Бизнес мектебін бітірді. 2003-2016жж. Қоңырат ауданында есепші қызметін атқарды. 2016 жылы Ақжайық ауданы Чапаев ауылына көшіп келді. Үйленген. 2018 жылы жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар қатарына тіркеліп, шаштараз мамандығы бойынша оқуға ниет білдірді. 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» Бағдарлама бойынша «Уральский центр обучения» оқу орталығына шаштараз мамандығына жолданды. Оқуды аяқтағаннан кейн мамандығы бойынша өз жеке кәсібін ашты.

Батыс Қазақстан облысы, 13.05.2019

Бағдарлама қатысушысы Ханбеков Нагметулла,22.08.1967жылы туылған.Алғашында аз қамтылған отбасы ретінде тіркелген Ханбеков Нагметулла Алымұлына және оның жанұясындағы 5 адамға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Кейін, 2018 жылы отбасының жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқу ұсынылды.

Ақтөбе облысы, 30.04.2019

Бағдарламаға қатысушы Ашықбаев Мақамбет Нұрлыбайұлы 2018 жылдың тамыз айында Аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, дара кәсіпкер Ашықбаев Мақамбет Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры АҚ Атырау облысындағы филиалы арқылы 4,5 млн. теңге көлемінде несие алып, оған азық- түлік дүкенін ашты. Елбасының мелекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашу мақсатында, қазіргі таңда  2 жұмыс орнын құрып, оның 1-не орталықтың жолдамасымен жұмыссыздар есебінде тұрған адамды жұмысқа орналастырды.

Атырау облысы, 26.04.2019

Бабакчиева Эльнара Арал ауылының тұрғыны Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы туралы БАҚ-ы арқылы естіп және Қордай ауданының жұмыспен қамту орталығы арқылы кеңес алып, үшінші бағыты бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағытына қатысуға шешім қабылдады. 
2018 жылы Жұмыспен қамту орталығы «Гуляра» шаруа қожалығына жолданған жұмысшы ретінде. Бүгінгі таңда «Гуляра» шаруа қожалығына турақты жұмыска орналысқан. “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы” бағдарламасының нәтижелеріне ризашылығын білдіреді.

Жамбыл облысы, 24.04.2019

Әмірқан Алмагүл Кокпекті ауданы, Кокпекті ауылының тұрғыны. Бағдарламаның қатысушысы болып 2018 жылы «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «тігін машиналарын сатып алу» жобасын қорғады. «Еңбек» және 100 АЕК көлемінде жаңа бизнес идеяға грант алды. Алмагуль бұл ақшаға құрал жабдықтарды сатып алды. «Алмагүл» ЖК ашып, қазіргі уақытта «Талап» бизнес орталығында жұмыс істейді. Халыққа киім тігу қызметін көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облысы, 05.04.2019

 «Натижелі жұмыспен қамтуды  және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында Токтарова Перизат Марланқызы Семей қаласы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Педагогика және психология» мамандығын алып шыққан. Аягөз қаласының Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Аягөз орталық аудандық  ауруханасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдауымен 6 ай мерзімге жолданды. Келісім шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, осы мекемеге мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасып, қазіргі күні жұмысын атқаруда.

Шығыс Қазақстан облысы, 05.04.2019

Беттер