Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Валерий Мұхтарұлы Қасымбаев 2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытының қатысушы болып табылады, «Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» құрамы, ара шаруашылығын кеңейтуге 9,0 млн. теңге сомасында шағын несие алды. Жобаның жүзеге асырылуы үшін «Апимондия» несиелік серіктестігі құрылды. Несиелік серіктестіктің төрағасы Валерий Мұхтарұлы Қасымбаев болып табылады. Жобаның жүзеге асырылуы Өскемен қаласының «Пасека» ШҚ базасында іске асырылуда. Жұмысқа 6 адамды қабылдады.

2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында несиелік серіктестік кеңейтілді және «Омарталарды кеңейту, ара үйлерін асырау негізінде ара шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндіру» үшін 21,0 млн. теңге сомасында қосымша несие алынды. 7 жұмыс орнын құрды.

Шығыс Қазақстан облысы, 07.11.2014

2013 жылғы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» екінші бағытының қатысушысы Қалима Абаканқызы Жұмабаева. 1969 жылғы 23 қарашада туылған. Қамысты ауданының Қамысты ауылында тұрады. Тұрмыста, екі баласы бар. Білімі орташа-арнайы, тігінші.

Қостанай облысы, 06.11.2014

Үкібекова Айымкүл Әтішкызы 1968 жылы 29 тамызда дүниеге келген. Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында тұрып жатыр.

2013 жылдың наурыз айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және аз қамтылған азаматтарға шағын несие берілетіндігін білген. Бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп, Ырғыз аудандық жұмыспен қамту орталығына жолықты.

Айымкүл Орталық мамандарынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы туралы толық ақпарат алғаннан кейін, бизнес жобасын ұсынып, Бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген.

Ақтөбе облысы, 06.11.2014

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының қатысушысы Даурықбаев Есенгелді қолданыстағы дөңгелек жөндеуді орталығын кеңейту үшін 3 млн. тг несие алды. Қосымша дөңгелек жөндеу құралдарын иеленіп 2 жұмыс орнын ашты.

Қарағанды облысы, 06.11.2014

Нуриева Әсел Мұратқызы 25.02.1993 жылы Іле ауданында дүниеге келген. Қазақстан Британ техникалық университетінің - ақпараттық технологиялар факультетін тәмамдаған. 2014 жылы бағдарламаға қатысып 3 млн теңге көлемінде несие алып, Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде 50 балаға арнап «Болашақ кемеңгер» атты балабақшасын ашты. Балабақшада бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі 50 бала тәрбиеленуде, және 26 жұмыс орны ашылған. Балабақша заманауи талаптарга сай. Әсел "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына риза. Осы бағдарламаның арқасында бәсекелес кәсіпкер ретінде нарыққа шығуға үміттенеді.   

Алматы облысы, 04.11.2014

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының 2 бағытының қатысушысы Мурзабеков Амандық Кожамуханбетович 1964 жылы туылған. Қарақия ауданы, Құрық селосында тұрады, үйленген, үш баласы бар. Білімі арнайы орта.

2013 жылы Қарақия аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесіне шағын несие алу мақсатында хабарласып, «Тұран – Профи» халықаралық кәсіптік академиясы біліктілікті арттыру институты» мекемесі арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алды.

2014 жылы 2.5 млн.теңге шағын несие алып, бөдене құсының жұмыртқасымен және етімен мейрамханалар мен сауда желілерін қамтамасыз етіп кәсібін ашты. 2 жұмыс орнын құрды.   

 

Маңғыстау облысы, 03.11.2014

Бекджигитов Аманхалый Буркиталиевич 03.02.1963 жылы дүниеге келген. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе селолық округінің тұрғыны.

Бұрын ол өзі тұратын Қызылтөбе селосында көптеген автокөліктерді жөндеумен айналысады. Көптеген тұрғындардың бұзылған автокөліктерін жөндеу арқылы, отбасын қосымша табыс көзімен қамтып отырды. Аманхалый бірнеше жылдар бойы үлкен тәжірибе жинаған соң, өзінің жекеменшік техникалық қызмет көрсету орталығын (ТҚКО) ашуды ойға алады. Ол өзінің таныстары мен достары арқылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы туралы естіп, Мұнайлы ауданының халықты Жұмыспен қамту орталығына барып, бағдарламаның тиімді мүмкіндіктері туралы арнайы маманнан кеңес алады. Бизнес-жоспарын дайындап және қажетті құжаттарын тапсырғаннан кейін, Аманхалый 3 млн.теңге көлемінде несие алып, жеке кәсібін ашады. Ол 5 жұмыс орындарын құрып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтиды, оның ішінде 2-уі өзінің ұлдары.

Маңғыстау облысы, 03.11.2014

Ғабит Ибрагимов- "Жұмыспен қамту 2020 дол картасы" бағдарламасы аясында шағын несие алып, "Нан өнімдерін өндіру" цехін ашып халыққа қызмет көрсетіп келеді. 3 адамды жұмыспен қамтып отырі. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Школьная көшесі №14 телефоны: 8 778 634 88 53
 

Қызылорда облысы, 31.10.2014

Есимбеков Серик Кудайбергенович 04.04.1975 жылы туылған. Қазақ ауылы Абай №76 үйдің тұрғыны.

Көп жылдан бері өз бетінше жеке кәсіпкерлігін ашуға үміт үзбей келген. 2014 жылы осы үзілмеген үмітпен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына қатысып, бағдарламаның «Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» бағыты бойынша жеке ісін ашу мақсатында 2 500 000 теңге несие алып, өз ісімен айналысуда.

 

Жамбыл облысы, 31.10.2014

           Дуйсенбаев Руслан Болатберикович 04.04.1977 жылы туылған. Өрнек ауылы Ахметов №36 үйдің тұрғыны.

           2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» ІІ-бағытына қатысып жеке ісін кеңейту мақсатында 2 500 000 теңге несие алды. Қазіргі таңда жылқы басын көбейтіп, өз ісін кеңейтуде.

Жамбыл облысы, 31.10.2014

Беттер