Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытының қатысушысы Төлеубекова Бағлан – Майқайын кентінің тұрғыны 2014 жылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп шағын наубайхана ашу үшін 3,0 млн. теңге көлемінде шағын несие алды. Берілген қаражатқа құрылыс жұмыстары жүргізілді, құрал-жабдықтар алынды.

Бағлан Жасқайратқызында үрей болды оның бизнесі қалай жүреді. Оның өнімі талапқа сәйкес келе ме? Төлеубекова өз бизнес-жоспарына сенді және оның есебі мен үміті ақталды.

Бүгін ол күніне 1000 бөлке нан, 300 тоқаш өнімін шығарады. Өнімдері халық арасында сұранысқа ие, өйткені Майқайын – үлкен жұмыс кенті. Болашақта Бағлан Жасқайратқызы кондитерлік өнімдер шығару бойынша өндірісін кеңейтіп 5 млн. теңге көлемінде шағын несие алуды жоспарлап отыр.

Павлодар облысы, 22.01.2015

Ертіс ауданының кәсіпкері Кенжетаев Нұрлан Жәкенұлы ұзақ уақыт бойы көтерме – бөлшек саудасымен айналысты. Авто көлік жууды 2012 жылы өз қаражатына ашты, бірақ құрал-жабдықтардың ескі болуына байланысты автокөлік жуу табыс әкелмеді.

2014 жылы Н.Ж. Кенжетаев – «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Кәсіпкерлікті және трек ауылдарды дамыту арқылы бос жұмыс орындарын құру» 2 бағытының қатысушысы болды. 3,0 млн. теңге сомасындағы несиені авто көлік жууды кеңейтуге алды. 

берілген несиеге жаңа құрал – жабдықтар алынып, көлік жуу ғимаратына жөндеу жүргізілді.

Бүгінгі күні бизнес жұмыс істеп тұр, қосымша 2 жұмыс орны ашылды.

Кәсіпкердің айтуы бойынша, Бағдарламада ең алдымен аз пайыздық құрамы мен инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды өткізудің мүмкіндігі назар аудартты.

Павлодар облысы, 22.01.2015

Ғайсенов Алмас Серікұлы Қостанай облысында 1985 жылдың 20 маусымда туған, жоғары білімі бар, үйленген, З. Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетің бітірген «Заңгер» мамандығы бойынша. 2014 жылдан Алмас Серікұлы жеке кәсіпкер болып табылады, жеке іспен айналысады.

2014 жылдың сәуір айында жұмыспен қамту орталығына назар аударды бағдар бойынша АҚ «Ауылшаруашылық қаржы қолдау қоры» толық құжат пакетін жинап бизес жоспарын жасап  қызмет көрсету станциясын ашты.

Қостанай облысы, 21.01.2015

Құрманбаева Әйгерім Кабуловна 1990 жылы 26 желтоқсанда туған. Жұмыссыз. Білімі арнаулы орта. Әлеуметтік жағдайы – 29 жасқа дейінгі. Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылының тұрғыны.

Ақтөбе облысы, 15.01.2015

Қанатқызы Эльмира 02.03.1981 жылы дүниеге келген. Ол өз ісін бастау мақсатында “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының 2-ші бағыты шеңберінде ұйымдастырылған кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 2 млн. 300 мың тенге көлемінде қаражатты 6 пайызымен 5 жылғы мерзімге алды. Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округінде сұлулық салоның ашты. Қанатқызы Эльмира 3 жұмыссыз адамды жұмыспен қамтыды.

Қазірі таңда сұлулық салоны тұрғындардың көңілінен шығып мақсатты жұмысын жалғастыруда.

Қанатқызы Эльмира «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы несие алып өз жұмысының ілгері басып жұмыстанып жатқанына ризашылығын білдіреді.

Батыс Қазақстан облысы, 14.01.2015

Берікова Жадыра Берікқызы 28 қазан 1987 жылы Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесінде дүниеге келген. Жеке кәсіпкер. 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашуға өтініш білдіріп, 15 құрылтайшысы бар «Сәт» несие серіктестігі арқылы, 6 пайызбен 5 жыл мерзімге 3 млн. теңге көлемінде шағын несие алды. Несие алғаннан кейін «Нұр сәт» жеке кәсіпкерлігін құрып, Мақат аудандық мәдениет үйінен кинотеатр ашып, көрермендерге қуаныш сыйлай бастады. Кәсіпкер замануи талапқа сай 3D форматтағы фильмдерді ұсынып, халықтың мәдени-рухани сұранысын қамтуда.

2014 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ашып, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 жұмыссыз адамды жұмысқа алды.

     

Атырау облысы, 29.12.2014

Мұхтар Досполұлы Шынғұжинов 1981 жылы туған, 3-топтағы мүгедек, Жамбыл ауданының Архангелка ауылында тұрады, 2014 жылғы маусым айында микрокредит алу үшін Жамбыл ауданының Жұмыспен қамту орталығына өтінім берді. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау» АҚ оның өтінімін мақұлдады және қыркүйек айында М.Д. Шынғұжинов жиһаз цехын ашу үшін 1 млн. 400 мың теңге сомасында микрокредит алды. Бүгіндері жиһаз цехы ашылды және аудан тұрғындарының тапсырысы бойынша жиһаз түрлері жасалып, шығарылуда.

Солтүстік Қазақстан облысы, 26.12.2014

2011 жылға дейін Александр Викторович Краснянский «ХПП» НОРД-да комбайнер болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап  Александр Викторович жеке ауыл шаруашылығымен айналысты. 2014 жылы мал шаруашылығын дамыту үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алуға микрокредит алу үшін Есіл ауданының Жұмыспен қамту орталығына өтінім берді. Қажетті кеңес алған соң, кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын өтіп, қажетті құжаттарды жинағаннан кейін, шілде айында Александр Викторович 2,3 миллион теңге сомасында микрокредит алды, оған 10 бұзау, 8 ІҚМ және 30 шошқа сатып алы. Алдағы уақытта жерлестеріне жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы, 26.12.2014

Кенжетаев Жандос Қонсаұлы 1986 жылы 28 мамыр күні Аққайың ауданының Трудовое селосында туылған.

2009 жылы Астана медициналық академиясын тіс дәрігері мамандығы бойынша бітірді. Петропавл қаласында «Дентэкс» ЖШС-да жұмыс істеді, кейін туған жеріне оралды.

Стоматологиялық кабинет ашу үшін Смирнов ауылындағы ғимаратты өз қаражатына сатып алды.  2013 жылғы сәуір айында жеке ісін ашу үшін микрокредит беру мәселесі бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Стоматологиялық кабинетке жабдықтар сатып алуға қаражат қажет болды.

Кенжетаев Ж.К. құжаттардың қажетті тізбесін ұсына отырып, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылар құрамына енгізілді. 2013 жылғы қаңтар айында Даму қорында кәсіпкерлік негіздеріне оқыды және 3,0 млн.теңге сомасында кредит алды.

Солтүстік Қазақстан облысы, 26.12.2014

Саметов Шырынхан бағдарлама аясында 3,0 млн.теңге шағын несие алып, мал шаруашылығын дамытуда. Ш. Саметов бағдарламаның тиімділігіне ризашылығын білдіріп ауылдастарын бағдарламаға қатысуға шақыруда.

Қызылорда облысы, 26.12.2014

Беттер