Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Айдынгалиев Алтынбек Серікұлы 20.06.1990 жылы дүниеге келген. Алтынбек өз кәсібін ашу мақсатында “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының ұйымдастыруымен өтетін “Кәсіпкерлік негіздерін оқу” курсына қатысып, 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы  жұмыс орындарын  құру  және  тірек ауылдарды дамыту» 2 бағыты бойынша 3 000 000 миллион тенге қаражатты 6 % қайтару пайызымен 4,5 жылғы мерзімге несие алып, Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауыл округінде мал шаруашылығы ішінде қой шаруашылығын  дамыту мақсатында  несие алған болатын. Қазірі таңда 140 бас қой несиеге алған болатын. Болашақта Көнеккеткен ауыл округіннен жер алып шаруа қожалығын ашуды жоспарлауда болашақта бір немесе оданда көп жұмысшы аламын деп жоспарлауда.

Алтынбек «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы несие алып өз жұмысының ілгері басып жұмыстанып жатқанына ризашылығын білдіреді.

 

Батыс Қазақстан облысы, 12.03.2015

Бимашева Майра Нұрланқызы 1985 жылы 4 тамызда туылған. Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны. Отбасылы, 3 баласы бар.

Бұқаралық ақпарат құралдары теледидар мен газет беттерінен алған ақпаратын есепке ала отырып, Майра әпкесі Ақмаралдың кеңесі бойынша жеке шағын кәсібімен айналысуды ұйғарады.

2014 жылдың шілде айында шағын несие сұрағы бойынша Қобда ауданының Жұмыспен қамту орталығына жолықты. Алдымен кәсіпкерлік негіздеріне оқып шығып содан соң 2014 жылдың қыркүйек айында өз кәсібін ашуға, «Саңырау құлақтарды өсіру және айналысу» жобасы бойынша жалпы сомасы 1,5 млн.тенге көлемінде шағын несие алды. Алынған қаражатқа 30 шаршы метрді құрайтын кіші жылыжай салып, 100 кг. мицелий, қосымша тыңайтқыштар және т.б сатып алынды.

Ақтөбе облысы, 06.03.2015

Бисенғалиева Райгүл 1979 жыл туылған  – 3 топ мүгедегі.

2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты бойынша Орал қаласындағы Ж. Досмұхамедов атындағы колледжіне оқуға жіберіліп, 2013 жылы «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша аяқтады. 2014 жылдың қыркүйек айында Сулыкөл селолық округі әкімішілігінде әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа орналасты. Кенжетайқызы Райгүл «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқаны үшін ризашылығын білдіреді.

Батыс Қазақстан облысы, 06.03.2015

Жусипова Меруерт Анесқызы 1981 жылы 15 қаңтарда  дүниеге келген. Ойыл ауданы Сарбие селосының тұрғыны. 

Ұмтылғанды демеу - үлкеннің парызы. Осы қағиданы ұстанған үкіметтің қазір қолдауы көп. Ұтырын тапқандар алға ұмтылып жатыр. Әсіресе, қалалық жерлерде бұрын көз көріп, құлақ естімеген кәсіпті меңгеріп жатқан жастар жеткілікті. Ауқымы мен аясына қарай көсілген ауылда негізінен ата кәсіп өріс алып келеді.

Ақтөбе облысы, 06.03.2015

Ажиманов Торехан Шоенович 10.01.1966 жылы Жетісай қаласында дүниеге келген. 1973 жылы № 2 Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1984 жылы орта мектепті аяқтаған. 1987 жылы Ташкент қаласының техникумына түсті. 1990 жылы техник-строитель мамандығының иегері болды. 1991 жылдан бастап Жетісай қаласында Завод Строй Деталь арматурный цехінде сваршик болып істеді 2000 жылға дейін. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына өтініш беріп шағын несиеге ниет білдірген. Өтініші қанағаттандырылып 3 000 000 теңге көлемінде несие қаражаты бөлінген. Бүгінгі таңда сварка цехін ашты.

Ажиманов Торехан Шоенович елбасына осындай Бағдарлама үшін үлкен алғысын білдіреді. Әсіресе бағдарламадағы мүмкіндіктер қуантып отыр. Осындай төменгі пайызбен несие алу, жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту жағдайына ризашылығын білдіруде.

 

Түркістан облысы, 06.03.2015

Сайпназаров Алекбар 1959 жылы 13 наурызда Мақтарал ауданы Жетісай қаласында туылған.

Алекбар Сайпназаров «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша өтініш беріп, өтініші қанағаттандырылып 3 000 000 теңге көлемінде несие алды.Бүгінгі таңда Жетісай қаласынан «Ал-Нур» Балалар мен жасөспірімдер студиясын ашып, халыққа қызмет көрсетіп жатыр. “Ал-Нур” студиясы мектеп оқушыларынан құралған – эстрада аспаптарда еркін ойнайтын жеткіншектерден жанды дауыста ән салып, сапалы өнер көрсетуі өз құрдастарының өнермен шығармашылыққа деген талпынысын арттыру үшін және талантты оқушылардың эстрада студиясына өнерін шыңдауға жол ашады.

Сайпназаров Алекбар Бағдарламадағы мүмкіндіктер қуантуда. Осындай төменгі пайызбен несие алу, жұмыссыз адамдарды жумыспен қамту жағдайына ризашылығын білдіруде.

 

Түркістан облысы, 06.03.2015

Исмаилова Селимям Иминжанқызы 1961 жылы дүниеге келген. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Малыбай ауылының тұрғыны. Исмаилова Селимям 1980 жыл мен 1994 жыл аралығында Октябрь ауылының «Шопан» ательесінде тігінші болып жұмыс атқарған. Исмаилова Селимям 2014 жылдың 14 сәуірінде Еңбекшіқазақ ауданының Жұмыспен қамту орталығына "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының 2 бағыты шеңберіне тігін цехын ашу үшін микрокредит алуға жүгінген болатын. Аталған жылдың 12 тамызында Исмаилова Селимям 2,2 млн теңге көлеміне несие алды. Алған несиесіне 3 тігін машинасын, 1 кестелеп тігетін машина, киім үтіктейтін үстел және тағы да басқа тігінге арналған заттарды алды. Несие алғанынын арқасында Исимова Селимям қазіргі уақытта үш жұмыссыз азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр және де «Жұмыспен қамту 2020 жол картасына» шексіз алғыс білдіруде.

Алматы облысы, 05.03.2015

Шакиев Жомарт Зайдинович Жаңақорған ауданының тұрғыны. 2014 жылы дәнекерлеу цехын ашу мақсатында 3 млн. теңге көлемінде несие алды. Нәтижесінде дәнекерлеу цехына қажетті құрал саймандар сатып алып, халыққа арзан бағада темірден жасалатын құрылыс заттарына тапсырыстар қабылдауда. Тапсырыстың көп болуына сәйкес өзінің үйінде жұмыссыз жүрген екі баласын жұмыспен қамтыды. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Шакиев Жомарт Зайдинович отбасылық кәсіптерін алға жүргізіп, елбасының кәсіпкерлерге деген қолдауына ризашылығын білдіруде.

Қызылорда облысы, 28.02.2015

Олег Иванович Ровенский 1968 жылы 13 маусымда  Ащылысай ауылында туған. Ол Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Ащылысай  ауылында тұрады. 1985 жылы  Ащылысай орта мектебін бітірді.

2014 жылдың шілде айында О.Ровенский Қарғалы ауданының жұмыспен қамту орталығына жолығып несие алу және жетіспейтін инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға өтінім берді. Жолығу барысында өзін өзі жұмыспен қамтыған, иелігінде "Рассвет" шаруа қожалығы бар.

2014 жылдың шілде айында "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында өз шаруашылығын кеңейту үшін 0,8 млн. теңге көлемінде несие алды және қосымша ірі қара, шошқа малдарын сатып алды. Жетіспейтін инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту аясында 2520,0 млн теңге сомаға жел күн генераторын орнатылып өткізілді. Қазіргі кезде база және жұмысшыларға арналған үй электрқуатымен жабдықталған. Кәсіпкер 2015 жылы Жұмыспен қамту орталығы арқылы жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр. 

Ақтөбе облысы, 23.02.2015

Шегірен ауыл округы, Есілбай ауылының тұрғыны Баденов Шаймардан Жабарханұлы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы.

Шаймардан Жабарханұлы Баденов өз ауылында автокөлік техникасын жөңдеу бойынша жақсы маман болып саналады. Ауыл тұрғындары оған жиі өтінетіндіктен, оның отбасы үшін қосымша табыс болатын болды. Уақыт өткен сайын оған тағайындалған дағды және тәжірибе келді. Сонда шын мәнде жеке ісімен ТҚС ашуын айналасуына ойланды. Бірақ іске асыруына мүмкіншілігі болған жоқ, отбасыға шығындар көп кетеді, ғимаратты кеңейту үшін құралдар мен жабдықтар қажет болды.

Павлодар облысы, 20.02.2015

Беттер