Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

1972 жылы 3 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданының Орталық ауылында дүниеге келді. Шымкент қаласында милиция мектебін «заңгер» мамандығы бойынша бітірді. Үйленген, екі қызын тәрбиелеп отыр.

2010 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Жеке қаражаты есебінен техникалық қызмет көрсету стансасы, шиномонтаждау шеберханасы және автомобиль жуғыш орналасқан ғимарат салды.

2014 жылдың басында Нұрлан Бекайдарұлы жергілікті газеттен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы туралы оқыды, кейін Халықты жұмыспен қамту орталығына микрокредит беру мәселесі бойынша жүгінді және бизнесін кеңейтуге ақшалай қарыз алуға өтінімін қалдырды.

Солтүстік Қазақстан облысы, 27.03.2015

Қабышев Ардақ Аркашевич ШҚО Семей қаласы Озерский ауылдық округінің Березовский ауылының тумасы.

Білімі - жоғары, үйленген екі баласы бар. Үлкен баласы ЖОО студенті, кішісі мектеп оқушысы.

Кабышев Ардак Аркашевич 2013 жылы Семей қаласының "Жұмыспен қамту орталығына" несие алу бойынша өтінім жазды. Сол жылдың шілде айында ол "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының екінші бағытының қатысушысы тізіміне тіркелді және ағаштан бұйымдар жасау цехын ашуға 3 млн.теңге несие алды.

Жобаның негізгі бағыты – ағаш бөшкелерін шығару, дәлірек айтқанда 25-100 литр мөлшерлі қымыз құюға арналған бөшкелер, фитобөшкелер, және де басқада тұрмыста қолданылатын ағаштан жасалған бұйымдар. 

 

Шығыс Қазақстан облысы, 27.03.2015

Муфахаров Руслан Вагапович Қостанай облысында 1977 жылдың 22 қыркүйекте туған, орта білімі бар, үйленген, үш бала тәрбиелейді.

2014 жылдан бері Руслан Вагапович жеке кәсіпкер болып табылады, жеке іспен айналысады.

2014 жылдың тамыз айында ол бағдарлама бойынша 1 700 000 теңге көлемінде Барвиновка ауылында Арақұралдарын әзірлеу үшін ісін кеңейтуге шағын несие алды. Осы сомаға шикі зат әзірлеу үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Муфахаров Р.В. балташа өнімдерімен айналысады, өнімді сауда сатықпен жүзеге асырады. Негізгі нарығы Сарыкөл ауданы және Барвиновка ауылы. Муфахаров Руслан Вагапович өз ісімен «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасының халыққа көмегі зор екендігіне мысал болып табылады.

Қостанай облысы, 21.03.2015

Федор Григорьевич Сластен 1978 жылдың 25 шілдесінде Успен ауылында туды. 2013 жылы шошқаларды көбейтуге шағын несие алу үшін Павлодар облысы Успен ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына өтінді, шағын несиені алғаннан кейін бизнес-жоспарға сәйкес жемшөп сатып алды.

 Федор Григорьевич кредит алғанына қуанышты және шошқаларды көбейту бойынша оның жоспарын толық іске асыруға сенімді.

Павлодар облысы, 20.03.2015

Бағдарлама қатусышысының өмірбаяны.  

Мен, Байзақ ауданы, Байтерек ауылының тұрғыны – Ауытов Құрбан Акниязович, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы 2-ші бағыты бойынша 1 800 000 тенге несие алдым. Алынған несиеге 12 бас бұқа сатып алып, кәсіпкерлігімді кеңейтудемін, сонымен қатар екі адамды жұмыспен қамтыдым. Қазіргі таңда ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстанып отырған кәсіпкерлікті қолдауға қатысты саясаты бәрімізге зор пайдасын тигізуде.

Сол үшін ел басымызға және Жұмыспен қамту орталығына алғысымды айтамын.

 

 

Жамбыл облысы, 12.03.2015

Кульбаев Төребек Ізбасарұлы - жеке кәсіпкер. Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылының тұрғыны.

Бағдарлама аясында 6 пайыздық үстемемен 3 млн. теңге несие алып, ТЖО-ға қажетті жабдықтарды сатып алған. 3 адамды жұмыспен қамтыды. Біліммен жүргізілген бизнес пайдаға кенелтпей қоймайды. Айта кетейік, бұл кәсіпкер бағдарламаның екінші бағыты бойынша қолдауға ие болған. Бұл бағытқа көбінесе өзінің тұрғылықты жерін­де өмір сүре отырып, мемлекеттің қолдауымен өзін-өзі жұмыспен қам­тығысы келетін адамдар жат­қы­зы­лады. Мұндай адамдарға мемлекет өз кәсібін дамыту үшін жеңілдікті шағын несиелер берілуде. Мемлекет басшысының саясатына және де Жұмыспен қамту орталығына рахметін білдіруде.  

 

 

Жамбыл облысы, 12.03.2015

Айдынгалиев Алтынбек Серікұлы 20.06.1990 жылы дүниеге келген. Алтынбек өз кәсібін ашу мақсатында “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының ұйымдастыруымен өтетін “Кәсіпкерлік негіздерін оқу” курсына қатысып, 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы  жұмыс орындарын  құру  және  тірек ауылдарды дамыту» 2 бағыты бойынша 3 000 000 миллион тенге қаражатты 6 % қайтару пайызымен 4,5 жылғы мерзімге несие алып, Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауыл округінде мал шаруашылығы ішінде қой шаруашылығын  дамыту мақсатында  несие алған болатын. Қазірі таңда 140 бас қой несиеге алған болатын. Болашақта Көнеккеткен ауыл округіннен жер алып шаруа қожалығын ашуды жоспарлауда болашақта бір немесе оданда көп жұмысшы аламын деп жоспарлауда.

Алтынбек «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы несие алып өз жұмысының ілгері басып жұмыстанып жатқанына ризашылығын білдіреді.

 

Батыс Қазақстан облысы, 12.03.2015

Бимашева Майра Нұрланқызы 1985 жылы 4 тамызда туылған. Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны. Отбасылы, 3 баласы бар.

Бұқаралық ақпарат құралдары теледидар мен газет беттерінен алған ақпаратын есепке ала отырып, Майра әпкесі Ақмаралдың кеңесі бойынша жеке шағын кәсібімен айналысуды ұйғарады.

2014 жылдың шілде айында шағын несие сұрағы бойынша Қобда ауданының Жұмыспен қамту орталығына жолықты. Алдымен кәсіпкерлік негіздеріне оқып шығып содан соң 2014 жылдың қыркүйек айында өз кәсібін ашуға, «Саңырау құлақтарды өсіру және айналысу» жобасы бойынша жалпы сомасы 1,5 млн.тенге көлемінде шағын несие алды. Алынған қаражатқа 30 шаршы метрді құрайтын кіші жылыжай салып, 100 кг. мицелий, қосымша тыңайтқыштар және т.б сатып алынды.

Ақтөбе облысы, 06.03.2015

Бисенғалиева Райгүл 1979 жыл туылған  – 3 топ мүгедегі.

2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты бойынша Орал қаласындағы Ж. Досмұхамедов атындағы колледжіне оқуға жіберіліп, 2013 жылы «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша аяқтады. 2014 жылдың қыркүйек айында Сулыкөл селолық округі әкімішілігінде әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа орналасты. Кенжетайқызы Райгүл «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқаны үшін ризашылығын білдіреді.

Батыс Қазақстан облысы, 06.03.2015

Жусипова Меруерт Анесқызы 1981 жылы 15 қаңтарда  дүниеге келген. Ойыл ауданы Сарбие селосының тұрғыны. 

Ұмтылғанды демеу - үлкеннің парызы. Осы қағиданы ұстанған үкіметтің қазір қолдауы көп. Ұтырын тапқандар алға ұмтылып жатыр. Әсіресе, қалалық жерлерде бұрын көз көріп, құлақ естімеген кәсіпті меңгеріп жатқан жастар жеткілікті. Ауқымы мен аясына қарай көсілген ауылда негізінен ата кәсіп өріс алып келеді.

Ақтөбе облысы, 06.03.2015

Беттер