Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Саркаскаев Шукиралла 1957 жылы 12-ші желтоксанда Мақтарал ауданы Қазыбек би ауылында туылған. 1973 жылы бұрынғы 40 жылдық, қазіргі “Оңдасынов” атындағы орта мектебін бітірген. Кейіннен азаматтық борышын өтеуге әскер қатарына шақырылып 1974 жылы борышын өтеп келген. 1975 жылдан бастап колхозда механик болып жұмыс атқарған. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша өтініш беріп, өтініші қанағаттандырылып 3000000 теңге көлемінде несие алды.

Бүгінгі таңда сүт өнімдерін өндіріп, бала бақшаларға таратып, халыққа қызмет көрсетіп жатыр.

Бағдарламадағы мүмкіндіктер қуантуда. Осындай төменгі пайызбен несие алу, жұмыссыз адамдарды жумыспен қамту жағдайына ризашылығын білдіруде.

 

Түркістан облысы, 26.05.2015

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының әлеуетті бағытының бірі өз ісін дамыту арқылы кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру болып табылады. Соңғы уақытта өз ісін ашу немесе бизнесін кеңейтуге ынта білдіргендер саны бірнешеге артты.

Бағдарлама аясында Ақтоғай ауданының кәсіпкері Долыбай Қарлығаш мемлекеттік қолдау арқылы шағын несие алып, мал шаруашылығымен айналысып өз ісін кеңейтуге бел буды. 1991 жылы 5 баланың анасы, шағын саудамен айналысқан Долыбай Қарлығаш отбасымен бірге Монғолиядан көшіп келді. Теледидардан Мемлекет басшысының бағдарламасы туралы естіп, ойланбастан Жұмыспен қамту орталығына жайылымдағы мал шаруашылығын дамытуға өтініш білдірді. Бұл уақытта оның жеке кәсіпкерлігі болған. 2014 жылы жайылымдағы мал шаруашылығын дамытуға 3,0 млн теңге несие алды. Бұл қаражатқа 21 бас ірі қара мал сатып алды.

Қарлығаш атап өткендей:

Павлодар облысы, 22.05.2015

Ембергенова Айгүл Жуандықызы 18.09.1976 жылы туған. Ешқашан жұмыс істемеген.

Мал шаруашылығымен айналысуды ұнатады. “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының іске асырылуы туралы БАҚ-ы арқылы естіп және Жамбыл аудандық Жұмыспен қамту орталығынан кеңес алып, Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға шешім қабылдады.

2014 жылдың наурыз айында кәсіпкерлік негіздерін оқу курсын аяқтап, 2014 жылдың шілде айында өз ісің ашуға 3 000 млн теңге несие алды. Несие алған қаражатына 15 бас жылқы сатып алды. Салық органында “Ернұр” жеке кәсіпкері ретінде тіркеліп, бүгінгі танда малдарын бордақылауда және қымыз сатумен айналысуда. Жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында бір жұмыссыз адамды өзіне тұрақты жұмысқа алды.

Жамбыл облысы, 21.05.2015

Бағдарламаға қатысушы – Уйкасбаева Шара Нуровна. Тұған жылы - 05.09.1967 ж.

Жұмыспен қамту орталығына келген кезде Шеңгелді округінің Кербұлақ ауылында тұратын Шара Нуровна жұмыссыз деңгейде болған.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының 2 бағыты бойынша бағдарламаға қатысушы Ұйқасбаева Шара Нуровна 2014 жылдың 23 маусымында өсімдік өсіру саласына Кербұлақ ауылында жылыжай ашуға 2 млн. теңге шағын несие алды. Сол ақшаға керекті аппарат, редуктор, пеш және құрылыстық құрал-саймандар алынды. Оның алдында Шеңгелді ауылдық округінде жылыжай болмаған.

Ұйқасбаева Ш.Н. жеке кәсіпкер ретінде Қапшағай қалалық салық басқармасында 2015 жылдың 14 қаңтарында тіркеліп, екі жұмыс орнын ашты.

Алматы облысы, 19.05.2015

1987 жылы 11 қыркүйекте туған, Мамлют ауданы Краснознаменное ауылында тұрады. Орта мектепті бітіріп, облыс орталығындағы шаштараз даярлау курсында оқыды. Мамандықты дұрыс таңдағанына көзі жетіп, № 5 КТМ-да осы мамандыққа тағы бір жыл оқыды.  Училищені бітіргеннен кейін тұрмысқа шықты, 2 ұлы бар. Ауылда жұмыс табу қиын болғандықтан ол күйеуімен бірге мал өсірумен айналысты. Күйеуінің достары кеңес беріп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жергілікті жердің ірі қара малын және сиыр сауу аппаратын сатып алуға 1 млн. теңге сомасында кредит алды. Мемлекеттік бағдарламаның шағын бизнесті дамытуға айтарлықтай септігін тигізетіне көзі жетіп, Янина Васильевна өз ісін ашуды ойлады. Ауылдағы дүкеннің бір бөлмесін шаштараз салонын ашуға жалға алды. Жеке кәсіпкеркер Шаль Янина Васильевна «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын пайдалана отырып, үймереттің сыртына және ішіне жөндеу жүргізу және жабдықтар мен құралдар сатып алу үшін 1,3 млн.

Солтүстік Қазақстан облысы, 15.05.2015

Химиялық тазалау, кір жуу орны, қоғамдық монша ашу бағытында 2,0 млн тенге көлемінде шағын несие алған тасқалалық Серік Латиевтың ғимараты Тасқала ауылы, Скоробогатов көшесінде орналасқан. Ол кір жуу орнында үтіктеу, кір жуу, жуылған заттарды жеткізіп беру, химиялық тазалау, үйлерге шығып ілулі тұрған перделерді үтіктеу сияқты әр түрлі қызметтер атқарады. Бірнеше мемлекеттік мекемелермен, дәмханалармен келісім шартқа отырып халық игілігі үшін жұмыстар атқаруда. Қоғамдық моншада демалу орны бар өте ыңғайлы. 2 адамды жұмыспен қамтып отыр және Жұмыспен қамту орталығы арқылы әлеуметтік жұмыс орнын ашып, 1 адамды жұмысқа тартты. Ол алдағы уақытта мерзімінен бұрын несиені өтеп мемлекеттік бағдарлама бойынша қосымша қаражат алып, өз ісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Мекен-жайы: Тасқала ауылы, Скоробогатов көшесі, 24 үй. Байланыс тел:   ұ.т. 8 777 569 94 52.  ү.т. 8 (71139) 21-3-45

 

Батыс Қазақстан облысы, 13.05.2015

Усман Зайнуллович Шимбергенов, 1960 жылы 8 наурызда Ресей Федерациясы, Башқұртстанда дүниеге келген.

1989 жылы отбасын құрып, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, бұрынғы Ленинск ауданы, Бадамша ауылына көшіп келді. Жолдасы екеуі екі бала тәрбиелеп отыр.

Ақтөбе облысы, 06.05.2015

Осакаровка кенті тұрғыны Торбаев Нурбек Смаилович 1992 ж.туылған. 2014 жылы Жұмыспен қамту орталығына өзінің жеке ісі –шаштараз ашу үшін шағын несие алуға өтініш білдірді.

2015 жылдың сәуір айында Н.С. Торбаев ауылшаруашылығына қолдау көрсету қаржы Қоры арқылы өзінің жеке ісі – шаштараз ашу үшін құны 2 млн. тг. болатын шағын несие алған болатын.

Қазіргі таңда шаштараз ашылатын ғимараттың ішіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жоба бойынша 4 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Қарағанды облысы, 04.05.2015

Бейсенов Ерали Елтаевич  2013 жылдың шілде айында Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп, орталық мамандарынан толық кеңес алып, шағын несие алуға құжат тапсырып 29.07.2014-07.08.2014ж.  аралығында 10 күндік кәсіпкерлік негіздерінде оқу курсына қатысып, кәсіпкерлікке деген көзқарасын теориялық жетілдіріп арнайы Сертификат алды. Ендігі мақсат іс жүзінде жылыжай ісін ашу болды. Сертификат алған соң «Ырыс» микроқаржы ұйымына жолдама беріліп, өткізілген құжаттары бизнес жоспарына сәйкес несие комитетінде қаралып оң шешім алып, өз ісін ашу мақсатында яғни жылыжай құрылысына 28.11.2013 жылы 1 500 000 теңге шағын несие алып жеке меншігіндегі 0,10 га жерге жылыжай тұрғызып көкөніс өнімдерін (қызанақ, қияр) өндіріп, жылына 2 маусымда өнім шығарып пайда табуда.

Түркістан облысы, 27.04.2015

Мирзаджанова Айнагуль 13.01.2012 жылдан бастап «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыздар тізімінде есепте тұрған. Төрт баласы бар, оның біреуі бала кезінен мүгедек.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы туралы хабарландыруларды оқып, Курчатов қаласының жұмыспен қамту орталығына барып, мамандардан кеңес алады. Бұрыннан кавказ нан өнімдерін пісіруді армандаған ол өтініш беріп, бизнес ұсынысын жазды.

Бағдарлама аясында кәсіпкерліктің негіздерін оқып, қорытындысы бойынша сертификат алды. 2012 жылдың маусым айында өз бизнесін ашуға 3 000 000 теңге сомасында несие алды. Алған несиеге қажетті құрал – жабдықтарды алынуда.

Шығыс Қазақстан облысы, 27.04.2015

Беттер