Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Табынбаева Қама Мұхамбетқызы Байғанин ауданында 1967 жылы туған. Ауылшаруашылығы өнімдерін сатып алу-сатумен айналысатын жеке кәсіпкер. 2011 жылы Қарауылкелді селосында құрлысы аяқталмаған ғимаратты сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, «Ай-жібек» жабық базарын ашты.

2011 жылы Байғанин ауданының Жұмыспен қамту орталығына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша көкөніс сақтау қоймасын салу үшін 3,0 млн. теңге несие алуға өтініш білдірді. Сонымен қатар, ИКИ аясында 2,5 млн. теңгеге сумен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілді. Жыл бойы жергілікті жерден, оңтүстік өңірлерден көкөніс сатып әкелінеді және көкөніс қоймасында, өңделеді, сақталады. Облыс орталығымен салыстырғанда баға біршама төмен. Жергілікті халыққа бұрынғы кездердегідей қыс мезгіліне қаптап көкөніс сатып алу қажеттігі жоқ, себебі жергілікті көкөніс қоймасынан күнбе-күн қолжетімді бағамен жыл бойына сатып алатын болды.

Ақтөбе облысы, 05.12.2014

Мәпуов Амандық Әбубәкірұлы 1972 тұған, Байғанин ауданының, Қарауылкелді ауылының тұрғыны.

Ақтөбе облысы, 03.12.2014

Байрамғалиұлы Рафаиль Бекмұхаметов 05.01.1958 жылы туған, үйленген. Бородулиха ауданының, Бородулиха ауылының тұрғыны.

2012 жылғы 24 сәуірде Байрамғалиұлы Рафаиль Бекмұхаметов «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында шағын несиелендіру мәселесі бойынша Бородулиха ауылында аяқ киім жөндеу және тігу үшін Бородулиха ауданының жұмыспен қамту орталығына келді. Келген уақытта ол өз бетімен жұмыспен қамтылған болды.

Байрамғалиұлы Рафаиль 2013 жылғы 28 тамыздан 2013 жылғы 30 тамыз аралығында Бағдарлама аясында «КАЗБИЗНЕС-КОНСАЛТИНГ» ЖШС оқыту орталығында кәсіпкерлік негізде оқудан өтті. 2013 жылғы 25 маусымда мемлекеттік Бағдарлама көлемінде аяқ киім жөндеу және тігу үшін 2,0 млн. теңге шағын несие алды. Ағымдағы уақытта несиені қайтару бойынша мерзімі өтіп кеткен қарызы жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы, 03.12.2014

Оградов Александр Владимирович 1977 жылы туған. Жоғары әскери білімі бар. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. 2013 жылы Зырян ауданының жұмыспен қамту орталығына жеке ісін ашуға несие алу мәселесі бойынша хабарласты. Жобаның мақсаты - декоративті қабырғалы панелдердіғимараттар мен құрылымдардың сыртын жылыту, жөндеу, сайдингпен және  полиуретанды плиталармен қаптау бойынша кәсіпорынды ұйымдастыру. Бағасы 9 млн.теңге болатын жоба комиссия отырысымен қаржыландыруға рұқсат берілді. Несие қорларына жаңа жоғары технологиялық жабдықтар, өндіріске арналған шикізат пен бөлшектер сатып алынды.

Шығыс Қазақстан облысы, 03.12.2014

Толеубекова Гаухар  Какимовна Шабанбай би ауылдық округінің тұрғыны 2014 жылы 3 млн теңге несие алып жылыжай ашып,  жұмыстарын жүргізіп  жатыр.

Қарағанды облысы, 03.12.2014

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытына қатысушы, 1975 жылы 9 ақпанда туған Алтын Неғметжанқызы Оразалина Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында тұрады. Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр. Білімі орта.

2014 жылғы сәуір айында Алтын Негметжанқызы жеке кәсіпкер бола отыра, Айыртау ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Сол кезде оның бизнесі болған, саудамен айналысатын еді.

Ағымдағы жылғы мамыр айында жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Петропавл қаласында кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтті, сертификат алды және құжаттар топтамасымен бірге бизнес-жобаны «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына» ұсынды. 3 млн. теңге сомасында кредит алды.

Алған қаражатына ғимаратқа реконструкция жүргізді және шаштараз ашу үшін құрал-жабдық сатып алды.

Солтүстік Қазақстан облысы, 20.11.2014

Шарбақты ауданында кәсіпкерліктің дамуына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы көмек көрсетеді.

Ауданда бизнесті дамытудың басымдығын сақтай отырып, азаматтарға өз ісін ашып дамытуына және бизнесті кеңейтетін азаматтарға  мемлекеттік қолдау көрсетіледі, яғни тегін кәсіпкерліктің негізгі курсын оқу және 3 млн.теңгеге дейін шағын несие беріледі. Осыдан басқа республикалық бюджет қаражат есебінен жетілмеген инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы (жолмен жабу, жылу-су-электроқұбырғылары) іске асырылатын бизнес – жобаға  тартылады.

Осындай мемлеттік көмек көрсетудің қолдауымен Шарбақты ауданының тұрғыны Қаныш Бахытұлы Паванов қолданды. 2011 жылы Жұмыспен қамту орталығына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты аясында шағын несие алуға өтініш жазды.

Павлодар облысы, 19.11.2014
Нуралинов Фархат Амангельдынович Павлодар ауданы, Чернорецк ауылының тұрғыны. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы туралы біліп Павлодар ауданының Жұмыспен қамту орталығына өтінді. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерінен консультация алғаннан кейін мемлекеттік бағдарлама бойынша «Өз бизнесінді баста» кәсіпкерлік негіздері туралы семинарда оқуға ықыласын білдірді. 2013 жылы бағдарлама қатысушысы болды. Жұмыспен қамту орталығының бағыттауымен кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқу өтті, және де материалдық көмек алды. Оқу кезінде Фархат шаруашылық қызметтi жүргізу негіздерімен, меншікті жобаны қалай жасау және бизнес-жоспарды құрумен танысты. Қорытындысында оның жобасы мақұлданып меншікті ісін ашу үшін 2,1 млн. теңге соммасында несие берілді. Осы ақшаны ол МММ алуға жіберді. Әрі қарай ет сатылымын іске асыру мақсатымен мал саның көбейту жоспарда.
Павлодар облысы, 19.11.2014

Мырзамбетова Ақмарал Ұмбетжанқызы жұмыспен қамту орталығына хабарласқанға дейін жұмыссыздар қатарында болған.

Орта білімді. Отбасында төрт баласы бар: екі студент, екі мектеп оқушысы. Жолдасы жұмыс істейді. 

2014 жылдың 4 мамырында Жұмыспен қамту орталығы жолдамасымен Қарағанды қаласында, «Казагромаркетинг акционерлік қоғамы» ұйымдастырған кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын тегін курсты бітіріп, сертификат алды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтамасыз ететін үйым, тұрғын жерінен тысқары жерде орналасқан елді мекеннен келген А.Мырзамбетоваға, жол жүруге және тұруға материалдіқ көмек төледі.

Биылғы жылғы маусым айында А.Мырзамбетова мал бағуға арналған жеке кәсіпкерлікпен айналасуға 3 000 000 шағын несие алды.

Қарағанды облысы, 13.11.2014

Жоба: алыс аудандардан көшіру, оқыту және жұмыспен қамтамасыздандыру.

Зухра Рахматуллаевна Хайдарова үш баланың анасы. Ұзақ уақытта бері жалдамалы пәтерлерде тұрып, лайықты жоғары енбек ақы төленетін, тұрақты жұмыс орнын таба алмады.

Қарағанды облысы, 13.11.2014

Беттер