Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Ғарифолла Дилмира Полатқызы 1996 жылы 16 қыркүекте Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылында туған. 2012 жылы Махамбет ауылындағы Д. Агелеуов атындағы орта мектепті бітіріп, Атырау агроколледжіне «Эколог» мамандығы бойынша оқуға түсіп 2017 жылы ойдағыдай бітірді. Бір жылдай жұмыссыз жүріп Дилмира 2018 жылы өзінің кәсібін ашу үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІ-бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқып, сол жылы «Мечта» ЖК ашып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 1300,0 мың теңге несие алып сұлулық салонына құрал жабдықтарын алып жұмыс жасауда.  2019 жылға бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орынын құруын жоспарлап отыр.

 

Атырау облысы, 06.03.2019

Өз кәсібін ашқысы келген жандарға Мемлекет тарапынан тиісті көмектер көрсетілуде. Нәтижесінде азаматтар қолға алған қандайда болмасын кәсіпкерлік нысаны сол жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосады. Бүгінде Индер ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде азаматтардың құжаттарын жасақтауға қолұшын созып кәсіпкерлікке бағыттау басты мақсат. Осындай мақсат негізінде Атырау облысы Индер ауданының орталығы Индербор кентінде «DIAMOND сұлулық салоны» ашылды. «Махамбет» микро қаржыұйымы» несиесеріктестігінен 4 млн 900 мың теңге несие алып жұмысын бастаған Әсемгүл Ушекенова сұранысқа сай жергілікті тұрғындардың талап тілектерін орындау мақсатында жұмысын бастаған ксәпікерлік нысан тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруда.

 

Атырау облысы, 06.03.2019

Жеке кәсіпкер Айжигулов Есет Айбекұлы, 26.02.1995 жылы Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында туған. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша үміткер ретінде тіркеліп, 20.09.2018 жылы жұмыссыз мәртебесі берілді. «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, осы бағыттағы білімін арттырып, оқуын аяқтап, сертификат алды. 25.10.2018 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы Атырау филиалы арқылы суши орамдарын жасайтын қажетті құралдарын алуға 2,0 млн.теңге микрокредит алды. Күні бүгінге Тұщықұдық ауылдық округінен «Айзере» компьютерлік дүкенінін жанынан бір бөлмені жалдап, суши орамдарын пісіретін шағын кафе ашып, суши орамдарын пісіріп, халыққа қызмет көрсетуде. Кәсіпкердің бастамасы халықпен қолдауда.

 

Атырау облысы, 05.03.2019

Онипченко Денис Сергеевич, 1982 жылы туған. Индустриалды институтты бітірді және жоғары инженерлік құрылыс мамандығы бойынша білімі бар. 2018 жылдың мамыр айының аяғында "Бастау -Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, "Бастаушы кәсіпкер" ретінде сертификат алды. 2018 жылғы 23 мамырде Денис Александрович мейрамханалық  орталық ашуға және қажетті жабдықтар алуға "Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ жүгініп банктен несие алу үшін жолдама алды.
Қазіргі уақытта танымал аспаздар, бильярдтар және басқа да көптеген жетекшілері бар еуропалық асхананың ең жақсы дәмді тағамдарынан тұратын «4HOUSE» жаңа кешені ашылды.

Қостанай облысы, 26.02.2019

Ермағамбетова Жанар Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласының тұрғыны, қазіргі таңда «Низателла» әсемдік салонының иесі. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының ІІ-бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында Алға ауданының тұрғыны Ермагамбетова Жанар Куракбаевна Алға аудандық жұмыспен қамту орталығына шағын несие жөнінде кеңес алып, өтінішін қалдырды. Шағын несие алудағы мақсаты – әсемдік салонын ашу.
Қажетті құжаттары, бизнес-жоспары дайын болғаннан кейін Ақтөбе қаласына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолданды. Құжаттары мақұлданып 2,5 млн. теңге көлемінде несие алды. Қазіргі таңда 1 жұмыс орнын ашты.

Ақтөбе облысы, 22.02.2019

Мамилеева Сабира Сериккановна отбасымен бірге Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылынан 2018 жылы Үржар ауылына көшіп келді. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көшіп келу шығындары мен тұрғын үйді жалдау шығындарына субсидиясын алды. Алғашында шаштараз мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, соңынан  Үржар ауылында өз ісін ашып, қазыргі күні өз-өзіне қызмет жасауда.

 

Шығыс Қазақстан облысы, 20.02.2019

Туленбаев Нурлыбек Спабекұлы 27.05.1977 жылы Машат ауылында дүниеге келген, көп балалы отбасы қатарына кіреді, 6 баланың әкесі, түрғылықты мекен – жайы: Машат ауылы. Түлкібас аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының ІІ бағытына 2018 жылдың 15 тамыз айында Бағдарламаға қатысушы болып тіркелді. Ол 2018 жылдың 6-ші қыркүйегінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолдама беріліп,7 қарашасында өз ісін ашу үшін, яғни сауынды сиыр басын көбейту үшін 4 000 000 (төрт миллион) теңге несие алды. Қазіргі таңда бизнес жоспарына сәйкес, 14 бас сауынды сиыр алып, Бағдарламаның талабына сәйкес,1 тұрақты жұмыс орнын ашып өз ісін әрі қарай жүргізуде.

 

Түркістан облысы, 15.02.2019

Арман Амангелдіұлы Ақылбеков 1983 жылы туған, тәрбиесінде екі баласы бар. Білімі жоғары. 2004 жылы «қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей институтын бітірген.
2017 жылы Арман Амангелдіұлы бизнеспен айналысуға шешім қабылдап, қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына кредит беру мәселесі жөнінде жүгінген.
2018 жылдың қаңтарында Ресейдің Сбербанкі арқылы 5 млн. теңге көлемінде қаражат алып, ЖК  «А.А. Ақылбеков» ашты.
Алған қаражатқа  Бөкетов көшесіндегі 16 үй ғимаратын жалға алып жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ерлерге арналған  «KEENRAZOR _ BARBERSHOP» атауымен шаштараз салонын ашты.
Салонда ер азаматтарға шаш қырқу, қырыну, сақал сәндеу,  косметикалық қызмет көрсету, қасты сәндеу қызметтері көрсетіледі. Бұл қызметтерге Петропавл қаласының ер азамат тұрғындарынан сұраныс бар.
Бұдан өзге, Арман Амангелдіұлы өзі де осы салонда жұмыс істейді, ол екі адамды жұмысқа қабылдады.

Солтүстік Қазақстан облысы, 11.02.2019

Дуйсебаев Нурлан Сиргебаевич Тараз қаласындағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға жеңілдетілген несие шеңберінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жайында толық ақпарат алуға келді.

Жамбыл облысы, 07.02.2019

Бағдарламаға қатысушы  Қызылорда қаласы, Т. Османов көшесі №39 үйдің, тұрғыны Алпысбай Гулдана Утемисовна 1987 жылы туылған. 2018 жылдың аяғында жұмыспен қамту орталығына хабарласып,  жұмыссыз ретінде тіркелген. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға «тігінші» мамандығы бойынша 2018 жылдың 18 маусым айынан бастап «Юсупова» жеке кәсіпкерлігіне оқуға жолданды. Осы жылдың 19 қыркүйек ауында оқуды аяқтап, сертификат алып, «Юсупова» жеке кәсіпкерлігіне  «тігінші» мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

Қызылорда облысы, 07.02.2019

Беттер