Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2 бағыты аясында ағымдағы жылы Шу ауданы Төле би ауылының тұрғыны Джанбатыров Нұржан өз кәсібін ашу мақсатында жаңа бизнес-идеяларға арналған микрокредит алуға өтініш білдірді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жеке кәсіпкер Н.Джанбатыров «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуды аяқтап, «ірі қара мал шаруашылығы» жобасын қорғап 4 000 000 теңге микрокредит алды.

Жамбылская область, 30.09.2019

Рублева Алена Васильевна 1989 жылы туған, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.
Алена өз қызметін қоғамдық тамақтану саласында,  20 адамнан тұратын жолдасының  жұмыс тобына түскі ас дайындаудан бастады. Аспазшы  болып жұмысқа орналасу үшін оған арнайы біліктілік қажет болды.
Ол 2019 жылдың 16 сәуірінде   Нұр-Сұлтан қаласының  халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді.
Өтініш білдіргеннен кейін, ағымдағы жылдың 24 сәуірінде "Аспаз"мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілді.
24 шілдеде қысқа мерзімді курстарды аяқтағаны туралы куәлік алып, "Пинта" гриль барына жұмысқа орналастырылды.
"Еңбек "мемлекеттік бағдарламасы өзінің әлеуетін жүзеге асыруға, сүйікті ісімен айналысуға, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасуға көмектесті, осыған Алена дән риза.

Нұр-Сұлтан қ., 27.09.2019

Көгаршын Еслямқызы Таутекенова 1967 жылдың 28 қазанында туған.Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында туған және осында тұрып жатыр.Тұмыста,екі бала тәрбиелеуде. Орта білімді.Бұрын жұмыссыз болған. Нәтижелі жұмыс пен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында "Бастау–Бизнес" курсынан өтіп,өз жобасын сәтті қорғады. Ағымдағы жылдың мамыр айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несиелеуге өтініш берді. 4500000 тг. несие алған соң HOLVO жүк көлігін сатып алды. Сонымен қатар Көгаршын Еслямқызы жұмыс орнын құрды және қазірдің өзінде өз ісінен айтарлықтай кіріс алуда.

Солтүстік Қазақстан облысы, 26.09.2019

Шөжен Буршингуль Өрнек ауылында тұрады, 3 топ мүгедегі. Жұмысы жоқ, үйде әртүрлі бұйымдарды жөндеу және тігумен айналысады. «Айна» аудандық газетіндегі ақпараттық хабарлаудан Нәтижелі жұмыспен

Қостанай облысы, 17.09.2019

Серік Бегзат 1998 жылдың 1 қазанында дүниеге келген. Алматы облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылының тұрғыны. «Талдықорған медициналық колледжі» ШЖҚ МКК-н 2014-2018 жылдар аралығында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Фельдшер» біліктілігін игерген. 2019 жылдың басында «Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрды. Жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа орналасу мақсатында, консультативтік кеңес ала отырып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесіне қатысуға өтініш білдірді. 2019 жылдың 1 наурыз айынан 2 мамыр аралығында «Көксу аудандық орталық ауруханасында» жастар тәжірибесінен өтіп, 2019 жылдың 2 мамырынан бастап «Талдықорған қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына» «Фельдшер» мамандығымен тұрақты жұмысқа орналастырылды.

 

Алматы облысы, 12.09.2019

       Нұржұма Мейрман Нұржұмаұлы 1996 жылы 6 шілдеде Аксенгір ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Ақсенгір атындағы орта мектебін аяқтап, сол жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының жоғары оқу орнына түсті. 2017 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша оқу орнын бітіріп шықты. 2017-2018 жыл аралығында Қарағанды қаласында ҚР әскер қатарында міндетін атқарды. Мамандығы бойынша тәжірибиесі болмағандықтан, жұмыс таба алмаған. 2019 жылдың 21 қаңтарында Жамбыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, есепке алынды. 2019 жылдың 4-ші ақпанынан бастап Жамбыл ауданы Ақсенгір ауылдық округі әкімінің аппаратына жастар тәжірибиесіне жолданды. Жастар тәжірибиесінде жүріп қоғамдық жұмыстарға, іс-шараларға белсене қатысты. Жастар тәжірибиесінің мерзімін аяқтап, 2019 жылдың 5 тамызынан Ақсенгір ауылдық округі әкімінің аппаратына спорт жөніндегі әдіскері болып жұмысқа қабылданды.

Алматы облысы, 12.09.2019

Асылбек Айсұлу Ермекқызы - Балқаш ауданының тұрғыны. Айсұлу Ермекқызы 2019 жылдың 8 сәуірінде Балқаш ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына енгізуді өтінді. Айсұлу жас түлек ретінде Балқаш аудандық ішкі істер бөліміне бағдарламашы ретінде жастар тәжірибесіне жіберілді. Тәжірибе барысында ол өзін адал және атқарушы қызметкер ретінде көрсете алды. 2019 жылы 3 маусымында Асылбек Айсұлу Ермекқызы "Баканас Жоба оралығы" ЖШС-не инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. Айсұлу Ермекқызы жастар тәжірибесіне қатысып, тұрақты жұмысқа орналасуға ықпал еткен үшін үлкен алғыс білдіреді.

Алматы облысы, 12.09.2019

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы Сәтімхан Айдын  Төлепбергенұлы. Ол  1994 жылдың 24 қыркүйегінде
дүниеге келген, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының тұрғыны.

Алматы облысы, 12.09.2019

Айтказинов Мурат Жанатович 14.04.1977 жылы туылған, Ақтау қаласының тұрғыны. Тіс емдеу дәрігерлік мамандығын бітірген, осы уақытқа дейін өз мамандығын бойынша жұмыс жұмыс табылмай, жұмыссыз болып келді.
Алайда, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Бастау - Бизнес" кәсіпкерлер негізінде оқытуға жіберіліп, 12,6 млн.теңге шағын несие алды. Бүгінгі күнде өз кәсібін ашып, 3 жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Маңғыстау облысы, 12.09.2019

Алдымен осы атау қандай мағына береді. NEET жастар кімдер? NEET, яғни, еңбектенбейтін, білім алмайтын және тренингке де қатыспайтын жастар категориясы. Жапонияның еңбек нарығының жетекші мамандарының бірі Рэйко Косуги қоғамдық қарым-қатынасы өте әлсіз жастарды 4 категорияға бөледі: әлеуметке қарсы: өзін еңбектенбесе ғана жайлы сезінетіндер; тұйықталып қалғандар: қандай болмасын формада қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алмайтындар; өзіне деген сенімділік пен мотивация жоқтығынан жұмыс таба алмайтындар; көңілі қалғандар: жұмыс орнынан өте кері әсерде болғандар, сондықтан ары қарай жұмыс іздеуден бас тартқан жастар.

Шымкент қ., 10.09.2019

Беттер