Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2 бағыты бағыты аясында ағымдағы жылы Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің тұрғыны Казбеков Алпысбай Жанулиевичті өз кәсібін ашу мақсатында жаңа бизнес-идеяларға арналған мемлекеттік грант алуға өтініш білдірді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жеке кәсіпкер Казбеков Алпысбай Жанулиевич «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуды аяқтап, «құс шаруашылығы» жобасын қорғап 252 мың 500 теңге мемлекеттік грант алды.

Қызылорда облысы, 27.08.2019

Гурьянова Анна Асхатовна 1989 жылы 15 ақпанда Ақмола облысында дүниеге келген.
Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік Бағдарламасы туралы естігенде Нұр-сұлтан қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, "маникюр шебері"мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіби курстарға жолдама алды.Оқуды аяқтаған соң, өз ісін ашуға бел буды. Бағдарлама аясында қажетті құжаттарды жинап, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 240 500 теңге сомасында мемлекеттік грант алды. Алынған қаражатқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. 2019 жылдың 6 шілдесінде "Ailana" Сұлулық студиясының ресми ашылуы болды. Қазіргі уақытта салонда 5 адам жұмыс істейді. Берілген мүмкіндік үшін мемлекетке  айтар   алғысы  шексіз.

 

Нұр-Сұлтан қ., 22.08.2019

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде Кенжебаева Әсел Жанайқызы 2018 жылы 10,0 млн. теңге көлемінде «Қауіпсіздік облысындағы қызметтерді дамыту» бизнесті кеңейту үшін несие алды. 
Қазіргі уақытта өз бизнесін сәтті жүзеге асыруда. 4 жаңа жұмыс орны ашылды. Абоненттік базасы кеңейтілді.Қауіпсіздіктің зияткерлік жүйелерін дамыту бойынша шаралар қабылдау туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында «Қауіпсіз Қала» кешенді бағдарламалары іске асырылуда. «Павлодар Қауіпсіздік» компаниясы көп қабатты тұрғын үйлерде бейнебақылау жүйесін орнату және оған қызмет көрсетумен айналысады.

Павлодар облысы, 22.08.2019

Бағдарлама қатысушысы - Арыстанова Әсем Талғатқызы. Негізгі мамандығы: «Геодезия-картография». Оқыған мамандығы бойынша жұмыс жасамаған. Осы уақытқа дейін халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бағытында қызметтер (дүкенші, офицант) атқарған, тұрмыста, 3 баласы бар.

Атырау облысы, 20.08.2019

Бағдарламаға қатысушы Ибрагимова Замира Исаевна 1983 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 2019 жылдың сәуір айында Аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Бастау Бизнес» жобасына қатысып  жеке кәсіпкер Ибрагимова Замира жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа бөлінген 100 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі қаражатқа өз жобасын ұсынып мемлекеттік грантты ұтып алып, балмұздақ жасайтын құрылғы сатып алды, қазіргі таңда орталық базар маңынан балмұздақ жасайтын құрылғысымен өз табысын табуда. Өз-өзін жұмыспен қамтып, үкіметке осындай қолдау үшін ризашылығын білдірді.

Атырау облысы, 19.08.2019

Бағдарламаға қатысушы Амангелді Ләззат Амангелдіқызы 1983 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде дүниеге келген. 2019 жылдың сәуір айында Аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Бастау Бизнес» жобасына қатысып  жеке кәсіпкер Амангелді Ләззат «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 4,7 млн. теңге көлемінде аспаздық дүкеніне жөндеу жұмыстарын жүргізу, құрал-жабдықтар сатып алу, айналым қорын толтыру мақсатында несие алды. Елбасының мелекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашу мақсатында, қазіргі таңда аспаздық дайын өнімдерін жасауда. Мемлекеттің осындай қолдау білдіргеніне алғысын білдіруде. 

Атырау облысы, 19.08.2019

Бағдарламаға қатысушы Мұхамбетова Балерке Зейноллақызы1994 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жем ауылдық округінде дүниеге келген. 2019 жылдың сәуір айында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының» екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Бастау Бизнес» жобасына қатысып  жеке кәсіпкер Мұхамбетова Балерке «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 1,5 млн. теңге көлемінде айналым қорын толтыру  мақсатында несие алып, оған азық- түлік дүкеніне керекті заттарын алды. Елбасының мелекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашу мақсатында, қазіргі таңда отбасымен бірге жұмыстарын жетілдіруде. Мемлекет осындай жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіруде. 

Атырау облысы, 19.08.2019

Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған Уразалин Бауыржан Мухтарович ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» оқуына оқып, қазіргі таңда «Уразалин Б.М» атты жеке кәсіп ашып жетекшілік етуде. Бауыржан Мухтарович «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» ІІ бағыты бойынша алты миллион теңге және қаражатты 6 % қайтару пайызымен 7 жылғы мерзімге несие алып, Облыс орталығы Орал қаласымен аудан орталығы Шыңғырлау ауылы арасында жолаушылар тасымалдайтын 21 орынға есептелген «Volkswagen Crafter» автокөлігін сатып алды. Қазіргі уақытта облыс орталығымен аудан орталығы арасында белгіленген кестеге сәйкес тасымалдауда. Осылай Бауыржан Мухтарович өзін-өзі тұрақты жұмыспен қамтыды.

Батыс Қазақстан облысы, 19.08.2019

Қоблашев Нұрқанат Құшқалиұлы қазіргі таңда «Қоблаш» атты шаруа қожалығын жетекшілік етуде. Нұрқанат Құшқалиұлы ««Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2 бағыты бойынша алты миллион тенге және қаражатты 6 % қайтару пайызымен 7 жылғы мерзімге несие алып, Бөрлі ауданы Ақсу ауылында мал шаруашылығын дамытуда.

Батыс Қазақстан облысы, 13.08.2019

Асхат Рахматоллаұлы Хусаинов 1984 жылы 24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Целинное ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Асхат Рахматоллаұлы мектепті бітіргеннен кейін, әскерге шақырылып, содан соң Астана қаласында құрылысшы болып жұмыс істеген.Үйленген, екі баласы бар. 2017 жылы Асхат Рахматоллаұлы отбасымен бірге Чириковка ауылының Есіл ауданына көшті, ол 4 бұзау сатып алып, қосалқы шаруашылықпен айналысты. 2018 жылдың наурыз айында микрокредит алу және меншікті ісі: ірі қара малды өсіру мәселесі бойынша Есіл ауданының Жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Асхат «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыды, қажетті құжаттар топтамасынжинап, 8 бас мал сатып алу үшін 2 млн 400 мың теңге сомасында микрокредит алды. Бұдан өзге, Асхат Рахматоллаұлы грант алуға құжаттарын тапсырды, осы жоба мақұлданып, ол азық-түлік жинау және сауу техникасына арналған мотоблоксатып алды. Биылғы жылы Асхат Рахматоллаұлы шаруашылығы алты бұзауға көбейді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы, 08.08.2019

Беттер