Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Жалағаш ауданы, Ақсу ауылының тұрғыны  Төлепберген Назерке  Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетін 2018 жылы «Физика» мамандығын игерген .Назеркенін  мамандығы бойынша тәжірибесінің болмауына байланысты жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмады. Бұқаралы ақпараттық құралдар арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа жолдана алатындығын біліп, Жалағаш  ауданы әкімдігінің  жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмыссыздар қатарына тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жастар тәжірибесіне ағымдағы жылдың 03 қыркүйек  айынан бастап «№201 мектеп лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  жолданған. Өзінің жинаған тәжірибе - біліктілігін көрсете біліп, аталған мекемеге ағымдағы жылдын  12 қазанынан  бастап тұрақты жұмысқа орналасты.

Қызылорда облысы, 22.10.2018

Конкышев Рашид Ілиясұлы 1974 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында туылған 1990 жылдан 1997 жылға дейін аудандағы «Жданов» атындағы колхозда жұмыс істеген. 1997 жылдан бастап 2004 жылға дейін Меркі ауданында өзінің жеке көлігімен Жданов ауылымен Меркі ауданының орталығы арасында адам тасып (таксиші) күнін көрген. 2017 жылы Меркі ауданы жұмыспен қамту орталығына келіп бағдарламаның II – ші бағыты бойынша несие алуға өтінішін берген. 2017 жылдың наурыз айында бағдарлама бойынша Тараз қаласына кәсіпкерлікті дамыту атты оқу курсын бітіріп тиісті сертификатын алды. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 3 000 000 теңге несие алды. Бұл қаражатқа мүйізді ірі қара малын алып ет,сүт бағытында жұмыс істеп бір жұмыс орнын ашты. Еліміздегі бұндай жеңілдікпен халыққа берілетін несиеге ризашылығын айтып алдағы уақытта тағыда бағдарламаға қатысатынын айтып өтті.

 

Жамбыл облысы, 17.10.2018

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарлама қатысушысы Канапина Салтанат Нурумбаевна, 01.06.1982 жылы туылған, Костанай ауданында тұрады..
Қостанай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ жұмыссызды болып жұмысқа тұру үшін кеңес алуға келген. Жұмыспен қамту орталығы мамандарымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасымен оқуға жолданды.
Курсты сәтті аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталығынан жылқы шаруашылығын дамыту үшін шағын несие алуға жолдама алды. «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 3000 000 млн тенге алды, салық органында жеке кәсіпкер ретінде алдын ала тіркеліп,қазіргі уақытта өз бизнесімен табысты айналысып, жүргізуде.

Қостанай облысы, 12.10.2018

Галия Кайроллаевна көп уақыт жұмыс істеген емес. Мал шаруашылығы ауыл тұрғындары үшін табыстың негізгі түрі болғандықтан, мал шаруашылығымен айналысуды шешті.

Қостанай облысы, 12.09.2018

Қазалы ауданының мал шаруашылығы бөлімінде бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша малдың санының айтарлықтай өсуі байқалады. Мал шаруашылығының 69% -ы үй шаруашылықтарына, 3-і ауыл шаруашылық кәсіпорындарына, 28-і шаруа қожалықтарына тиесілі. Биылғы жылдың алты айында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 19 кәсіпкер 62 млн. тг 155 бас ірі қара  сатып алды. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында сегіз шаруа қожалығы 51 млн. тг 248 бас ірі қара мен қой сатып алды. ЖШС «Cheese Margins» және ЖШС «Мана» 800 ірі қара қалмақ тұқымдастарының малын сатып алуды жоспарлап отыр.Аудандағы эпизоотикалық жағдай тұрақты. Биылғы жылы диагностикалық зерттеулерге және энзоотикалық аурулардың алдын алуға 114 млн. тг. бөлінді.

Қызылорда облысы, 06.09.2018

Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушы Қызылорда қаласы, Ақмырза көшесі, №39 үйдің тұрғыны жас маман Хамид Анаш Зинабдинқызы 2017 жылы «сәндік өнері» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған.2018 жылы жұмыспен қамту орталығына хабарласып, жұмыссыз ретінде тіркелген. Осы жылдың ақпан айының 01-нен бастап «Қалалық мәдениет Үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК мекемесіне мамандығы бойынша "жастар тәжірибесінен" өтуге жолданған болатын. Ағымдағы жылдың 01-ші маусымынан бастап жоғарыда аталған мекемеде тұрақты жұмысқа қабылданды.

Қызылорда облысы, 06.09.2018

Лебедев Виктор Леонидович «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – өзін өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған.
2018 жылы «Қарғалы ауданының жұмыспен қамту орталығы» ММ-не жолықты. Маманның кеңесінен кейін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқуды және қонақ үй кешені құрылысына шағын несие алуға шешім қабылдады. Оқуды аяқтасымен, құжаттарын толық жинағаннан кейін, үміткер Ақтөбе қаласындағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолданды. Құжаттары мақұлданғаннан кейін, Лебедев Виктор 6,0 млн. теңгеге көлемінде қонақ үй кешені құрылысына шағын несие алды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр.

 

 

Ақтөбе облысы, 25.08.2018

Жарекенов Айбек Мақсотұлы 1994 жылы Атырау облысы Жылыой ауданында дүниеге келген.  Айбек 2016 жылы Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнында заңгер мамандығы бойынша оқуын аяқтап, 2017 жылдың мамыр айында Жылыой аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелді. Тіркелген мерзімде мамандығы бойынша жұмыс табылмағандықтан орталық арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді оқуға өтініш білдірді. Өтініші қанағаттандырылып, ағылшын тілі бойынша 2 айлық оқу курсына жіберілді. 2017 жылдың маусым айында оқуын аяқтап, орталыққа түскен сұраныс бойынша «Өмірзақ Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заңгер көмекшісі ретінде жұмысқа орналасты. Айбек бағдарлама бойынша оқу курсында алған білімінің жұмыс барысында көп пайдасы тигенін айтып, өз ризашылығын білдіруде. 

Атырау облысы, 20.08.2018

Людмила Васильевна Штеле көп уақыт жұмыс істеген емес. Мал шаруашылығы ауыл тұрғындары үшін табыстың негізгі түрі болғандықтан, мал шаруашылығымен айналысуды шешті.«Айна» аудандық газетіндегі ақпараттық хабарлаудан “Еңбек” Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өте жақсы, пайдалы шарттарда шағын несие алу мүмкін екенін білді.
Ол-жасырулы комиссияларсыз және басқа төлемдерсіз жылдық 6%, негізгі қарыздың сомасын бір жарым жылға кейінге қалдыру және өтеудің тиімді мерзімі 7 жылға дейін.
Людмила Штеле Бастау-Бизнес жобасы бойынша курсты бітіріпқажетті құжаттарды жинап, жеке іс ашты. 2018 жылы Ауыл шаруашылығын қолдау қорымен 1,6 млн.теңге сомасында шағын несие мақұлданды. Басатауыш кәсіпкер 5 бас ІҚМ сатып алды, сонымен қатар азық сатып алды. Осы күні Л.В. Штеле ет өнімдерін өндірумен, оны әрі қарай жүзеге асырумен айналысады.

Қостанай облысы, 09.08.2018

Беттер