Call-center 1411

You are here

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2018 жылға барлығы 12,6 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 5,3 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 7,3 млрд.теңге бөлінді.

Жамбылская область, 21.01.2019

2018 жылғы 1 қаңтардан жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартты немесе шартсыз ақшалай көмек түріндегі  күнкөріс деңгейінің 50% төмен мөлшердегі кірісі төмен азаматтар мен отбасыларға тағайындалады. 
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасылар үшін үш әлеуметтік төлемді біріктіретін, Бірыңғай жәрдемақы болып табылады: 
а) егер отбасының жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің көлемінен 40% аз болса, әрбір отбасы мүшесіне көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек.

Алматы қ., 18.01.2019

Осы жылғы 9 қаңтарда, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ақпаратты-түсіндіру жұмыстары аясында Алматы қаласы Алмалы ауданының Мемлекеттік кіріс департаментінің ғимаратында жұмыспен қамту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС), атаулы әлеуметтік көмекті және т.б. ресімдеу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті.          

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталықтары (әрі қарай – Орталық) мамандарының қабылдауы барысында шамамен 20 адам қабылданып, оларға кеңестер берілді, олардың ішінен 10 жұмыссыз Орталыққа жіберілді.

г. Алматы, 11.01.2019

2019 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында халықаралық ұйымдар өкілдерінің, сарапшылар мен Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен Дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел «Жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін жетілдіру» жобасының шеңберінде Қазақстандағы жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін жетілдіру мен жақсарту жолдарын талқылауға арналды.
Күрделі мәселелерді талқылау барысында сарапшылар өздерінің қызметіндегі проблемалардың жүйелі сипатын атап өтті, сондай-ақ жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын жақсарту әдістеріне қатысты пікірлерімен және көзқарастарымен бөлісті.

Алматы қ., 09.01.2019

Осы жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «БАТА ДИЗАЙН» ЖШС, «ОХРАННАЯ КОМПАНИЯ АЛ РУС» ЖШС жұмыс берушілерімен бірге № 172 мектепте «Думан» шағын ауданының тұрғындары мен жалғызбасты аналармен «Біз халықпен біргеміз!» тақырыбында кездесу өткізді. Салтанатты шараны Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Д.К.Әбуов ашып, қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, оларды кездесдің мақсатымен таныстырды. Жұмыспен қамту орталығының маманы М.Д. Тыныбаева 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғап, ол «Шаштараз» мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсын бітірген О.Тинимбаева туралы жақсы мысал келтірді.

Алматы қ., 24.12.2018

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2018 жылға барлығы 12,6 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 5,3 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 7,3 млрд.теңге бөлінді.

Жамбыл облысы, 20.12.2018

Жұмыспен қамту орталығының ең маңызды бағыттарының бірі – оқушыларды кәсіптік бағдарлау. Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беруді жалғастырып келеді.
«Кім боламын?» сауалын кез келген оқушы өзіне қояды. Дұрыс таңдалған кәсіп - бұл болашақта өзін өзі танытуға, психологиялық және материалдық саулыққа арналған бағыттың бастамасы.

Алматы қ., 19.12.2018

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында облыс бойынша 44 015 өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту жоспарланып, а.ж. 1 желтоқсанына 104%-ды немесе 45 960 адамды құрады.

Ақтөбе облысы, 14.12.2018

Осы жылдың 30 қарашасында «Astoria» мейрамханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «аспазшы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстарда оқитын, «Еңбек» бағдарламасының 12 қатысушысы қатысқан, «Табысқа қадам басу» атты шеберлік класы өткізілді.
Спикер ретінде сөз сөйлеген Нурбви Кисембаева. Спикер өз қызметіндегі алғашқы баспалдақтары мен мейрамхана бизнесіндегі Басқарушы мәртебесіне дейінгі мансап сатысы бойынша әрі қарай өсуі туралы айтып берді.

Алматы қ., 10.12.2018

Осы жылдың қараша айында, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ақпаратты-түсіндіру жұмыстары аясында Алматы қаласы Алмалы ауданының  Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында жұмыспен қамту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС), атаулы әлеуметтік көмекті нысандандыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.
Екі күндік қабылдау барысында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының (бұдан әрі - Орталық) мамандары 50-ден астам адамды қабылдап, кеңестер берді.

Алматы қ., 04.12.2018

Беттер