Call-center 1411

You are here

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның аз қамтылған отбасылары қосымша қолдау шараларын алып жатыр. Оларға материалдық жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін атаулы әлеуметтік көмектен басқа, өз ісін ашуға да мүмкіндіктері бар. Бұл "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мүмкіндік береді.
"Еңбек" бағдарламасы бес баланың анасына өз арманын іске асыруға көмектесті. Халида Махмудова өз бизнесін ашып, дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған бес күндік массаж курсын өткізіп жатыр.

Алматы қ., 06.11.2019

2019 жылғы 29 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыс тобы әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен, ауылдық округ әкімдерімен және мамандарымен оқыту өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысы, 31.10.2019

2019 жылдың 29 қазанында қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде оқуды аяқтау емтиханы өтті. 2 сағат ішінде бастауыш аспаздар, кондитерлер мен наубайшылар емтихан алушыларға өздерінің аспаздық туындыларын ұсынды. 
Сондай-ақ емтиханға аспазшы, кондитер және наубайшыға оқығандар қатарынан кадрлар іріктеуді жүргізген жұмыс берушілер қатысты. Оқу мерзімі 3 айды құрайды, бітіргеннен кейін түлектер мемлекеттік үлгідегі куәлік алады, сондай-ақ оларға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.

Нұр-Сұлтан қ., 31.10.2019

Қостанай облысында мобильді жұмыспен қамту орталықтарының қызметіән  ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бірінші мобильді жұмыспен қамту орталығы Рудный қаласында ұйымдастырылды. Халыққа «Еңбек» бағдарламасына қатысу мәселелері жөнінде консультация беріледі: қысқа мерзімді оқытудан өту, бизнесті дамытуға грант, микрокредит алу, қаланың кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындарының тізбесімен танысу, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және т.б. мәселелер бойынша.

Қостанай облысы, 31.10.2019

Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының мамандары 26 қазанда  өткен ата-аналарға  арналған бірінші БОПЕФОРУМ  жұмысына қатысты.
Іс-шарада отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу мәселелері талқыланды. Отбасын әлеуметтік қолдау мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының маңызды аспектісі болып табылады.
Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Диляра Бауыржанқызы Иманқұлова өз сөзінде "Еңбек "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының түрлі бағыттары туралы айтып өтті.

Алматы қ., 28.10.2019

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты Халықты жұмыспен қамту орталығы және қаланың төрт ауданы әкімдігі бірлесіп "Өңіраралық бос жұмыс орындары" жәрмеңкесін

Шымкент қ., 15.10.2019

Шымкент қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 санды бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы Стандартына сәйкес белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар қабылданады.

Шымкент қ., 15.10.2019

2019 жылғы 9-11 қазан аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға «Еңбек» бағдарламасы бойынша қоныс аударуға құжаттар қабылдау басталады. Сіздерді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Шымкент қаласы, Бәйтереков көшесі, 89, тел.: 8(701)6528199 ,8(707)5528199, 8(702)7275464. _________________________________________________
 

Шымкент қ., 15.10.2019

Студенттерді кәсіптік бағдарлау - бұл жүйелі түрде өткізілетін іс-шара. Алматы қаласының :Жұмыспен қамту қызметі студенттер арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жалғастырып келеді.
Кәсіби бағдар мәселесі, әрине, қоғамдық болып табылады, өйткені қоғамның жағдайы, еңбек нарығының дамуы, халықтың жұмыспен қамтылуы, таланттарды анықтау мүмкіндігі және оларды неғұрлым қолайлы қызмет салаларына жіберу осыған байланысты.

Алматы қ., 10.10.2019

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында қазан айының 9-ы күні Аудандық мәдениет үйінде бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 58 мекеме қатысып, нәтижесінде 141 бос жұмыс орны туралы мәлімет берді. Жәрмеңке жалпы 155 адамды қамтыды. Түскен мәліметтер негізінде жұмыссыздардың нысаналы топтарын ескере отырып, кезекке сәйкес жұмысқа жолданатын болады.

Батыс Қазақстан облысы, 10.10.2019

Беттер