Call-center 1411

You are here

ЖАҢАЛЫҚТАР

2019 жылдың 19 тамызында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/11 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді.

Атырау облысы, 20.08.2019

"Жастар" сарайында 2019 жылдың 15 тамызында елордалық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Көрменің ұйымдастырушылары ретінде қала әкімдігі және жұмыспен қамту орталығы болды.
Өткізілген жәрмеңкеде 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынған 120 жұмыс беруші жиналды. Жыл сайын біздің бос орындар жәрмеңкесіне көп ұйымдар қатысқысы келеді. Айта кету керек, мамандандырылған  бос орындар  жәрмеңкесіне келгендердің саны да арта түсті.

Нұр-Сұлтан қ., 20.08.2019

2019 жылдың 14 тамызында Жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының үйымдастыруымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кайта даярлау бағытында оқытуды үйымдастырып жатқан 16 оқу орындары мен кәсіптік колледждердің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Атырау облысы, 19.08.2019

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында «Дариян» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұсауы кесілді.
Шара барысында сөз алған басқарма басшысы Алтай Есмағұлұлы Құлкаев өз сөзінде: - Жалпы облыс бойынша 12 орталық қызмет етеді. Оның 10-ы шағын сыйымдылықты орталықтар болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы, 19.08.2019

Алматы облысының әр ауданы мен қаласында алғаш рет жұмыспен қамту орталықтарының мобильді кеңселері іске қосылды. Бүгінгі күнге мобильді кеңселер Карасай, Балқаш, Ескельді, Коксу, Еңбекшіқазақ аудандарында және Талдықорған қаласында іске қосылған. Мобильді кеңсе халықтың көп шоғырланған жерлерінде – сауда орталықтарында, базарлар жанында және ішінде белсенді формат түрінде қызмет көрсетеді.

Алматы облысы, 16.08.2019

Канатбаева Жадра Аманбай кызы, 1995 жылдың 4 мамырында Өзбекстан жерінде дүниеге келді, Оралман жеке куәлігін алған. 2018 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетін биология мамандығы бойынша тәмамдады.Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында жұмысқа орналасу үшін Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына жүгініп, 2019 жылдың сәуір айында «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-не жастар практикасы бойынша әдіскердің көмекшісі ретінде жіберілді. Тәжірибе барысында өзін адал, атқарушы, жауапты жағынан көрсетті.

 

Қостанай облысы, 16.08.2019

2018 жылы қазан айында Талдықорған қаласынан Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару» бағдарламасы арқылы Бегимбетовтер отбасы Қостанай облысы Науырзым ауданына қоныс аударған болатын.

Қостанай облысы, 16.08.2019

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға облысқа 8432,6млн. т. қаражат бөлінді.
2019 жылдың 1 шілдесіне-тамызына 16030 адам жұмыспен қамту орталығына жолығып, соның ішінде 13408 адам Бағдарламаға қатысушы құрамына енгізілді (8432 адам (63,3%) жұмыссыз, 1368 адам (10,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 3525 адам (26,4%) жұмыс іздеуші тұлға). Бағдарлама аясында жыл басынан бері 10448 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде тұрақтысы 4991 адам).

Батыс Қазақстан облысы, 13.08.2019

03.08.19ж.-07.08.19ж. аралығында «ЮСС Суппорт Сервисез» ЖШС-мен облыстың барлық аудандарында және Атырау қаласында бос жұмыс орындарының көшпелі жәрмеңкелерін ұйымдастырды.Жәрмеңкеде компаниямен келесідей вакансиялар ұсынылды: жөндеуші, тоңазытқыш жөндеуші, электр жөндеуші, бу-қазан операторы, дизельді генератордың механигі, ас бөлме қызметкерлері, еден жуушы, аспаз, аспаз көмекшісі, көлік жүргізуші В, С, Д1 және т.б. Компания өкілімен әр лауазымға қойылатын квалификациялық талаптар түсіндірілді.Реттеу қорытындыларымен үміткерлердің түйіндемелері жинақталып, жұмыс орындарында қосымша тестілеу жұмыстарымен жұмысқа қабылдау шаралары алынатын болады. 

Атырау облысы, 13.08.2019

Ағымды жылдың 9 тамызында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әділет департаментінің өкілдерімен бірге алимент төлемейтіндерді тұрақты жұмыспен қамту бағытында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Атырау облысы, 13.08.2019

Беттер