Call-center 1411

You are here

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында биылғы жылы барлығы 5.8 млрд. теңге (оның ішінде РБ-5,3 млрд. теңге) қаралып, 2014 жылдың 01 маусымына  3240 адам Бағдарламаға қатысу бойынша кеңес алып, оның ішінде  3093-мен әлеуметтік келісім-шарт жасалынды. Олардың ішінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар 1554 адам (50,2%), жұмыссыздар – 1540 (49,8%). Бағдарламаға  қатысушылардың ішінен   жастардың үлесі  42,7%, әйелдердің үлесі – 40,6% .

Жамбыл облысы, 20.06.2014

2014 жылдың 20 маусымында Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының ғимаратында «Нұр Отан» партиясымен бірігіп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Лата», «Успех», «Береке», «Нужные люди», «Престиж», «Виктория» жеке кадр агенттіктерінің және қала мекемелерінің қатысуымен «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» атты Республикалық акциясына арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Ақтөбе облысы, 20.06.2014

2014 жылы 20 маусым күні «Нұр Отан» партиясының жанында Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен  жұмыссыз азаматтар үшін «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі»  өткізілді.

Ақтөбе облысы, 20.06.2014

Биылғы жылға Атырау облысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кент, ауылдық, селолық округ әкімдеріне және Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне арналған топтық оқыту семинарларын ұйымдастыру қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеңімпаз болып «Центр психологии и развитие личности «Рух» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталды. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен келісім-шарт жасақталып, соған сәйкес 2014 жылдың 16-23 маусым аралығында семинарлар өткізу бағытында кесте бекітілді.

Атырау облысы, 18.06.2014

Ағымдағы жылдың 1 маусымына Бағдарламаға қатысу үшін 1166 адам өтініш білдіріп, 893 адам - әлеуметтік келісім шартқа қол койды, оның ішінде: әйелдер - 446 адам (49,9%), 29 жасқа дейінгі жастар – 538 адам (60,2%), 50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін– 67 адам, мүгедектер – 21 адам, оралмандар – 15 адам.

Маңғыстау облысы, 17.06.2014

~~Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығында Мемлекеттік рәміздер мерекесі күніне орай, «Мемлекеттік рәміздер –біздің  елдігіміздің бейнесі»-  деген тақырыпта мерекелік іс шара өткізілді. Бірінші болып сөз алған  осы мекеменің заңгері Тілеуқабыл Ғалиев тартымды баяндама жасады. Баяндамада Елдігіміз бен егемендігімізді жарқырата бейнелейтін рәміздер –халқымыздың рухын, ұлтық нышандарын көрсететін ерекше қастерлі белгілер. Осы тұрғыдан келгенде, мемлекетіміздің рәміздерін қолдану мен насихаттаудың құрметтеу мен қастерлеудің міндетті парызын біз үнемі назарда ұстауымыз керек.

г. Алматы, 17.06.2014

Үшінші бағыт: «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу».

Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

2014 жылы үшінші бағыттың бірінші компонентін жүзеге асыруға    621,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде кәсіптік даярлауға – 81,3 млн. теңге, кадрларды қайта даярлауға – 111,5 млн. теңге, біліктілікті арттыруға –   20,9 млн. теңге, жартылай жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшыларды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруға 26,2 млн. теңге, жастар іс-тәжірибесіне – 154,8 млн. теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға – 226,9 млн. теңге бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысы, 13.06.2014

Жұмыспен қамту Жол картасы 2020 бағдарламасының екінші бағыты:

          «Ауылда жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу».

Кәсіпкерлік негіздерін оқыту.

2014 жылы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту шығындарының сомасы 3200 адам жоспары кезінде 131,2 млн. теңгені құрайды. 

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша конкурс жеңімпазы «Parasat Consulting» ЖШС болды.

2014 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 39,4 млн. теңге қаржыландыру 156 қатысушы сомасымен немесе 30 % оқытудан өтті. 1 шілдеге дейін 1800 адамды, 2014 жылғы 15 тамызға дейін қалған 1400 адамды  оқыту жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан облысы, 13.06.2014

Бірінші бағыт: «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды және шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».

         Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен жөндеу жұмыстарына 3407,9 млн. теңге бөлінді. Жұмыс орындарын құрудың жылдық жоспары 1548, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру жоспары 753 орынды құрады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 171 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Мердігерлерді анықтау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері   171 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды, 51 жоба бойынша жөндеу жұмыстары басталды. Қалған жобалар бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы, 13.06.2014

Бірінші бағыт: «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды және шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».

         Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен жөндеу жұмыстарына 3407,9 млн. теңге бөлінді. Жұмыс орындарын құрудың жылдық жоспары 1548, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру жоспары 753 орынды құрады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 171 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Мердігерлерді анықтау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері   171 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды, 51 жоба бойынша жөндеу жұмыстары басталды. Қалған жобалар бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы, 13.06.2014

Беттер