Call-center 1411

You are here

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент қаласының жұмыс беруші экономикалық және индустриалдық аймақтарында орналасқан кәсіпорындарға, білім басқармасына қарасты және денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелерге enbek.kz порталы (әрі қарай-портал) арқылы тіркелу қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қ., 16.09.2019

12.09.2019 жылы Әл-Фараби аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерімен бірге Әл-Фараби аудан аумағындағы жұмыссыз азаматтарға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, «Жылжымалы бос жұмыс орындары», Атаулы әлеуметтік көмек турылы және сағаттық жұмыстар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу іс-шара өткізілді.

Нұр-Сұлтан қ., 13.09.2019

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «NUR OTAN» партиясымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 16 тамыз күні «Бос жұмыстар жәрмеңкесін» өткізді.
Жәрмеңкеге 100-ге жуық адам қатысты.
Оның ішінде 84 азамат әлеуметтік көмекке және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Атап айтқанда:
-17 адам- тұрақты жұмысқа жолданған;
-15 адам- атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген;
-18 адам- мемлекеттік грантқа өтініш білдірген;
-3 адам- солтүстік өңірлерге қоныс аударуға өтініш білдірген; -8 адам- қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өтініш білдірген;
-23адам-жастар тәжірибесіне қатысуға өтініш білдірген.

г. Шымкент, 13.09.2019

2019 жылдың 23 тамызында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Джаксыбаева халықты жұмыспен қамту орталығының
директоры Б. Мәсімбаевпен бірлесіп Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша Кеген ауданының жұмыссыз азаматтарымен дөңгелек үстел өткізілді.

Алматы облысы, 12.09.2019

Бүгін Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының қатысуымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде микрокредиттерді игеру барысы туралы жиналыс өтті. Жиналысқа микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер қатысып, Агронесие корпорациясы арқылы микрокредит берудегі қиындықтар, туындаған мәселелер талқыланып, ұсыныстар тыңдалды.

Атырау облысы, 12.09.2019

Ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйегінде Жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары А. Мамбетов, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Г. Аманғалиева
«NCOC» компания филиалының жобасында жұмыс жасайтын 15 мердігерлік және қосалқы мердігерлік мекемелерінің өкілдерімен кездесіп, жұмыспен қамту бағытындағы әлеуметтік қолдау шараларымен таныстырып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Атырау облысы, 11.09.2019

 Атырау облысының 2019-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша Атырау облысы әкімі Н. Ноғаевтың қатысуымен өткен кездесудегі келісімі бойынша, «Теңізшевройл» ЖШС-і өңдіріс
қуатын кеңейту жобасына 2019 жылы 350 адамды слесарь-құбырмонтаждаушы, құрылыс құрылғылары дәнекерлеуші, темірбетон құрылғылар монтаждаушы, электрмонтаждаушы, жүк ілуші және ағаш сатылы монтаждаушы мамандықтары бойынша оқытуды жоспарлады. Ағымдағы жылдың 2-5 қыркүйегінде Атырау қаласында, Жылыой, Исатай, Махамбет аудандарында жұмыссыздар есебінен оқытуға реттеу жұмыстары жүргізілді.

Атырау облысы, 11.09.2019

2019 жылдың 28 маусымындағы Атырау облысының 2019-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша Атырау облысы әкімі Н. Ноғаевтың қатысуымен өткен кездесудегі келісімі бойынша,
«Теңізшевройл» ЖШС-і өңдіріс қуатын кеңейту жобасына 2019 жылы 350 адамды және 2020 жылы 700 адамды оқытуды жоспарлап отыр.

Атырау облысы, 11.09.2019

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында кәсіби бағдар беру бөлімінің ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарға арналған "Жұмысқа орналасу кезіндегі эмоционалды интеллект" атты тренинг өтті. Іс-шараны Мамандық таңдау орталығының директоры Ж.Каримов Жантөре  өткізді, оған 10-нан астам адам қатысты.Тренингтің мақсаты ізденушілерге табысты жұмысқа орналасу ең алдымен оларға, ішкі ресурстар мен мүмкіндіктерді дұрыс пайдалануға байланысты екенін жеткізу болып табылады. Ол үшін өзіне қарап, қажетті қызмет бағытын анықтау, жоспарланған міндеттерді шешуге мақсатты түрде бару қажет.

Нұр-Сұлтан қ., 10.09.2019

4-5 қыркүйек күндері басқарманың мәжіліс залында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басқармасы жанындағы үйден арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі және орталық қызметкерлеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылды.
Шара барысында алғашқы сөз кезегін басқарманың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы Доспаев Есімжан Ерболұлы алып, семинардың мақсатына тоқталып өтті. «Мүгедек балалармен жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері» тақырыбында оздырылған семинар екі күнге жоспарланды. Семинардың бастамасы «Бақыт көрінісі» деп аталатын тренингімен ашылды.

Батыс Қазақстан облысы, 10.09.2019

Беттер