Call-center 1411

You are here

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және құру бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығынан Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары ағымдағы шоттарына еңбекақылары мөлшерінен кепілдендірілген 35% алатын болады.

Сонымен қатар, жұмыс беруші жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге көзделген өз шығындарының бір бөлігін және заңнамада көзделген салықтық шегерімдерді өтей алады.

Солтүстік Қазақстан облысы, 13.07.2020

Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы Қалалық білім басқармасымен бірлесіп EDTECH халықаралық білім беру орталығының қолдауымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру тестілеуін өткізді.

г. Алматы, 13.07.2020

Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкер жұмысшыларына баспана кілтін табыс етті. 1 жылдың ішінде Аққайың ауданындағы “Полтавское” серіктестігі 4 бірдей үй тұрғызған. Бұл тұрғын жайлар Елорда мен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнінде агроқұрылым қызметкерлеріне берілді.

Бұл – Аққайың ауданына қарасты Полтавка селосы. Қазір қазаны қайнаған елді мекенде 800-ден астам тұрғын өмір сүріп жатыр. Олардың басым бөлігі «Полтавское» серіктестігінде еңбек етеді. Бүгін аталған агроқұрылымның басшысы қол астында жұмыс істейтін жандарға баспана кілтін табыс етпек.

Солтүстік Қазақстан облысы, 10.07.2020

«Еңбек» бағдарламасы аясында белсенді шараларға, тұрақты жұмыс орындарына және Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында инфрақұрылымдық жобаларға уақытша жұмыс орындарына жұмыссыз, өзін-өзі қамтушыларды бағыттау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Астана» сауда орталығы алаңында «Қамқор» акциясы өткізілді.

Ақтөбе облысы, 08.07.2020

Ағымдағы жылы Алға қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» жобасы аясында ауданымызда жол жөндеу, нысанды күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу жобалары жүріп жатыр. Соның ішінде 02 шілдесінен бастап Алға қаласындағы Подхоз тұрғын массивінде су құбырларының құрылысы басталды. Жұмыс барысында уақытша жаңа 22 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 адам жұмысқа орналастырылды.

Ақтөбе облысы, 08.07.2020

 

Қоныстанушыларға арналып жарық, жайлы әрі жылы 48 үй тұрғызылады! Бүгінде Қызылжар ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алған. Мұнда халқы тығыз орналасқан өңірлер мен қалалардан көшіп келетін ағайынға арналып су жаңа баспаналар салынып жатыр. Бескөлдегі шаруаны арна тілшілері байқап қайтты.

Солтүстік Қазақстан облысы, 05.07.2020

2020 жылдың маусым айының 26 күні Қобда ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» бағдарламасы аясындағы белсенді шараларға, тұрақты жұмыс орындарына және Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында инфрақұрылымдық жобаларға уақытша жұмыс орындарына жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы азаматтарды бағыттау жүргізуде. Осы мақсатта Қобда ауылында халық көп жиналатын орындарда мобильдік рекурттық пункт арқылы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақтөбе облысы, 26.06.2020

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясындағы бірінші бағыты шеңберінде үш айлық қысқа мерзімдік курсы маусым айының 26 күні барлық санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап "Аспазшы" мамандығы бойынша 15 азамат Қобда көпсалалы колледжіне оқуға жолданды

Ақтөбе облысы, 26.06.2020

Қандыағаш қалалық #4 орта мектеп 1991 жылы пайдалануға берілген, алайда осы жылдар ішінде дәл бүгінгідей күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Сондықтан мектеп ғимараты көптеп бері жаңартуды қажет етіп тұрған болатын. Биылғы жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы " бағдарламасы шеңберінде білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге туған мүмкіндік ата-аналар мен шәкірттер үшін де үлкен қуаныш болғалы отыр. Құрылысын "Казстрой Магнум " ЖШС жүргізіп отырған нысанда барлығы 43 жаңа жұмыс орыны ашылады, оның 22 аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жүзеге асырылмақ.

Ақтөбе облысы, 22.06.2020

Беттер