Call-center 1411

You are here

Тұрмыстық тауарлар және құрылыс материалдары

Ұста шебері

Королев Сергей Николаевич - 1964 жылы туған. Солтүстік Қазақстан облысында туып-өскен, Тимирязев орта мектебін бітірді, 1982 жылы Тольятти қаласында МКТО-45 бітіріп,  «Электрик» мамандағына ие болды. Оқуды бітіргеннен кейін КСРО Қарулы күштері қатарына қосылды. Содан Челябі жоғары авиациялық оқу орнына түсті, бірақ 2 курстан кейін денсаулығына байланысты оқудан кетті. Тольяти қаласында «ВАЗ» автозауытында жұмыс істеді, 3 дәрежесі бар. Үйленді, ұлы Никита туды.

Тұрмыстық тауарлар және құрылыс материалдары
, 08.09.2015

Жиһаз өңдірісі

          Шұбарқұдық кентінің тұрғыны Байтақ Ақылбек Алғабекұлы 10.01.1994 жылы туылған. Ақтөбе политехникалық колледжінің түлегі. «бағдарламашы» мамандығы бойынша диплом алып шыққан. 2014 - 2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыс жасады. Өз еркімен жұмыстан шығып кеткеннен кейін жұмыссыз болғандықтан жиһаз цехын ашу үшін Темір ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына келіп жолықты. Несие алуға толық кеңес алғаннан кейін, құжаттарын жинап, Бизне-жоспарын жасап Бағдарламаның екінші бағыты бойынша өтініш берді.

Тұрмыстық тауарлар және құрылыс материалдары
, 02.09.2015

Күн жарығының қуаты

Жалбызбай Итаяқов - мал шаруашылығының басшысы. Күннен қуат алатын батареяларды пайдаланып, шаруа қожалығындағы жағдайды жақсарту туралы идеяны көп уақыттан бері ойластырып жүрді. Бұл туралы «Даму» қорына бастан-аяқ баяндап берді. Нәтижесінде «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3,5 млн теңгеге қайтарымсыз грантқа ие болды. Грант қаражатына Тоқтамыс ауылындағы мал жайылымы учаскесінде қуаты алты киловатты құрайтын күн батареяларын орнатты. Қазір өздерін және көршілерінде жарықпен қамтамасыз етіп отыр. 

Тұрмыстық тауарлар және құрылыс материалдары
, 02.04.2015

Сәтті үлгі

Муфахаров Руслан Вагапович Қостанай облысында 1977 жылдың 22 қыркүйекте туған, орта білімі бар, үйленген, үш бала тәрбиелейді. 2014 жылдан бері Руслан Вагапович жеке кәсіпкер болып табылады, жеке іспен айналысады.

2014 жылдың тамыз айында ол бағдарлама бойынша 1 700 000 теңге көлемінде Барвиновка ауылында ісін кеңейтуге шағын несие алды Арақұралдарын әзірлеу үшін. Осы құжаттарға шикі зат әзірлеу үшін жүзеге асырды. Осы уақытта балташа өнімдерімен айналысады, өнімді сауда сатықпен жүзеге асырады. Негізгі нарығы Сарыкөл ауданы және Барвиновка ауылы болып табылады. Муфахаров Руслан Вагапович «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына өзімен мысал болып табылады, елде өз ісін ашуға себеп болады.

Тұрмыстық тауарлар және құрылыс материалдары
, 21.03.2015

Отбасылық кәсіп

Шакиев Жомарт Зайдинович Жаңақорған ауданының тұрғыны. 2014 жылы дәнекерлеу цехын ашу мақсатында 3 млн. теңге көлемінде несие алды. Нәтижесінде дәнекерлеу цехына қажетті құрал саймандар сатып алып, халыққа арзан бағада темірден жасалатын құрылыс заттарына тапсырыстар қабылдауда. Тапсырыстың көп болуына сәйкес өзінің үйінде жұмыссыз жүрген екі баласын жұмыспен қамтыды. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Шакиев Жомарт Зайдинович отбасылық кәсіптерін алға жүргізіп, елбасының кәсіпкерлерге деген қолдауына ризашылығын білдіруде.

Тұрмыстық тауарлар және құрылыс материалдары
, 28.02.2015

Жылы және жайлы тұрмыс үшін

Оградов Александр Владимирович 1977 жылы туған. Жоғары әскери білімі бар. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. 2013 жылы Зырян ауданының жұмыспен қамту орталығына жеке ісін ашуға несие алу мәселесі бойынша хабарласты. Жобаның мақсаты - декоративті қабырғалы панелдердіғимараттар мен құрылымдардың сыртын жылыту, жөндеу, сайдингпен және  полиуретанды плиталармен қаптау бойынша кәсіпорынды ұйымдастыру. Бағасы 9 млн.теңге болатын жоба комиссия отырысымен қаржыландыруға рұқсат берілді.

Тұрмыстық тауарлар және құрылыс материалдары
, 03.12.2014

Металды есіктер даярлау

Аймақтарда жобаның іске асуы

Аймақ Жүзеге асырылған жобалар
Барлығы 1
Шығыс Қазақстан облысы 1
Жарма ауданы
1

Жоба сипаттамасы

16.07.2014

ПВА желімін өндіру

Жоба сипаттамасы

16.07.2014

Металл шатыр өндірісі

Жоба сипаттамасы

16.07.2014

Тапсырыс бойынша ас үй жиһазын өндіру

Жоба сипаттамасы

16.07.2014

Беттер