Call-center 1411

You are here

Азық-Түлік өнімдерін өндіру

Шайқорық ауылында жеке наубайхана ашылды

        Садырбаева  Роза Жұмаділқызының «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – өз-өзін қамтыған.

        2015 жылы  Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не  ол  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы"  Бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде  жүгінді. Мамандардың кеңесінен кейін өз ісін кеңейту үшін 3000,0 мың теңге алуға ұйғарды. Толық құжаттар пакетін жинағаннан кейін, үміткер Тараз қаласындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына бағытталды.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 20.09.2016

Қордай ауданында кондитерлік цех жұмыс жасауда

Амиржанова Марзия  1988 жылы 17 тамыз  айында туылды. Білімі жоғары. 11 наурыз 2015 жылы   “Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы” бағдарламасы бойынша Тараз қаласынан кәсіпкерлік  негіздеріне оқып келіп,  бағдарламаның 2 бағыты бойынша 3000,0 мың теңге шағын  несие алып, кондитерлік цехын ашты.  Жеке кәсіпкер болып  3  жаңа жұмыс орын ашып, аз қамтылған  әйел азаматтарын жұмысқа алды. Қазіргі кезде бизнес жоспарына сәйкес жұмыстарын атқаруда.

 

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 18.08.2016

Тегершік жөндеу шеберханасы

         Мендалиев Берик Бауыржанович 14.05.1988 жылы туған. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосының тұрғыны. Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту орталығына жолығыс жасап, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашу  мақсатында яғни, тегершік жөндеу  шеберханасын ашуға шағын несие алуға өтініш білдірді. Берген өтініші қанағаттандырылып, бағдарламаның қатысушы болып кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтіп, 500 мың теңге несие берілді. Қазіргі уақытта тегершік жөндеу шеберханасын ашып, 1 жұмысшыны жұмысқа қабылдап, бірлесіп жұмыс жасауда.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 16.08.2016

Индербор кентіндегі шағын наубайхана

              Устемирова Зарипа Хайркуловна  16.01.1969 жылы Индербор кентінде дүниеге келген. 1986 жылы Павладар облысы политехникалық колледжінде «Техник технолог» мамандығы бойынша оқып бітіріп, Индербор кентінде «Сүт завотында» лаборант мамандығы  бойынша жұмыс жасаған.1991 жылы тұрмысқа шығып  3 баланы тәрбиелеп отырған  ана. Өз ісін кеңейту мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушы ретінде шағын несие алуға үміткер болып тіркелді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы – шағын наубайхана ашуға 2,0 млн. теңге шағын несие алды.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 05.07.2016

Ара шаруашылығын дамыту

Тұрсынғалий Аққозыұлы Жибраев 1966 жылғы 19 сәуірде Семей облысының Көкпекті ауданының Бигач ауылында дүниеге келген. 1997 жылдан бастап ШҚО Бородулиха ауданының Петропавловка ауылында тұрады.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 05.05.2016

Тәтті бәліштер бізде!

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 05.05.2016

Ара өсіруді дамыту

Сердюк Павел Геннадьевич

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

         Сердюк Павел Геннадьевич 57 жаста, білімі жоғары, мамандығы инженер-механик, отбасын құрған,  ержеткен ұл, қызы бар, өз жанұяларымен бөлек тұрады, олар да әкесінің жолын қуған балшылар.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 18.04.2016

Кондитерліктің ашылуы

Атырау облысы Балықшы ауылдық округі Құрсай ауылының тұрғыны Нұржан Салтанат Амантұрлықызы 2014 жылы Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасы туралы толық мәлімет алды. Мемлекеттік бағдарламаның жергілікті жерде жүзеге асырылып жатырғанын, оның ішінде кәсіпкерлік ашу мақсатында қаражат берілетіндігін естіген Салтанат Амантұрлықызы жеке кәсіп ашуды көздейді.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 18.04.2016

Көксу ауданында наубайхананың ашылуы

            Кулиева Гульхара Джабраилқызы Қазақстан Республикасының азаматы  13.01.1961 жылы дүниеге келген. Білімі орта арнайы. Тігінші  мамандығын  игерген. Көксу  ауданы, Балпық би ауылдық округі, Ақшатоған ауылы Молодежная 6/1 көшесінің тұрғыны. Тұрмыс құрып жұбайы, 2 баласы  бар.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 18.04.2016

Аяқжол плиткасын шығаратын цехтың ашылуы

Жанат Зейнелғабиденұлы Ибраев, 1977жылы  туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Ленинград ауылының тұрғыны.Үйленген бір ұлын тәрбиелеуде.

Жанат Зейнелғабиденұлы, ұзақ жылдар бойы жүк көлігінде жүргізуші болып жұмыс істеген, бірақ жұмыс орнын қысқартуына байланысты жұмыстан шығуға мәжбір болды.

Жұмыссыз қалғаннан кейін ол 2015 жылы  Жұмыспен қамту орталығына өзінің ісін ашу үшін шағын несие алу мәселесі жөнінде жүгінді.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 12.02.2016

Беттер