Call-center 1411

Вы здесь

Қандыағаш қалалық #4 орта мектеп 1991 жылы пайдалануға берілген, алайда осы жылдар ішінде дәл бүгінгідей күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті

Қандыағаш қалалық #4 орта мектеп 1991 жылы пайдалануға берілген, алайда осы жылдар ішінде дәл бүгінгідей күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Сондықтан мектеп ғимараты көптеп бері жаңартуды қажет етіп тұрған болатын. Биылғы жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы " бағдарламасы шеңберінде білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге туған мүмкіндік ата-аналар мен шәкірттер үшін де үлкен қуаныш болғалы отыр. Құрылысын "Казстрой Магнум " ЖШС жүргізіп отырған нысанда барлығы 43 жаңа жұмыс орыны ашылады, оның 22 аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жүзеге асырылмақ. Құрылыс жұмыстарының барысында мектептің есік-терезелері жаңартылып, үшінші қабаттың едені толықтай алмастырылады. Сондай-ақ, ғимарат төбесі жаңа шатырмен жабылып, электр желілері мен өрт-дабыл жүйелері қайта жабдықталатын болады.

Регион: 
Ақтөбе облысы
22.06.2020