Call-center 1411

Вы здесь

"Nur Otan" партиясы қалалық бөлімшесінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасарлары Д.Әлкебайұлы мен А.Мұқажанова, сонымен бірге Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Бауыржанқызы Иманқұлова «Nur Otan» партиясы қалалық бөлімшесінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Бірнеше азамат әлеуметтік салаға, жұмысқа орналасуға қатысты түрлі мәселелер бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек сұрап келді.  Барлық қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктемелер берілді.
Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Бауыржанқызы Иманқұлова азаматтарға жұмысқа орналастыруда, жаңа кәсіпті оқытуға қатысты Жұмыспен қамту орталығының  қызметтерін толық түсіндіріп берді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халыққа шынайы мүмкіндіктерді ұсынады. Жұмыссыздарға лайықты жұмыс (тұрақты және уақытша жұмыс орындары) іздегенде, түйіндеме құрастыруда көмек көрсетіледі, ал кәсіпті анықтай алмайтын адамдарға арнайы тест арқылы лайықты мамандық таңдауын анықтауға көмектеседі. Ал егер адам жаңа мамандық алғысы келсе, онда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша Жұмыспен қамту орталығының қысқа мерзімді курстары көмектеседі. Оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты бір айдан үш айға дейін созылады, ай сайын шәіртақы төленеді. Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, бағдарлама аясында қысқа мерзімді курстарды аяқтағаннан кейін тілек білдірушілер бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грантты алуға өтінім бере алады, гранттардан басқа микрокредит алуға да болады.
Жұмыс тәжірибесі жоқ жоғары оқу орындарының түлектері үшін (29 жастан аспаған) мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы белсенді іске асырылып жатыр. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы - 6 ай. Бір айдағы еңбекақысы  66 275 теңгені (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметтерін) құрайды. Егер жас маман өзін жақсы көрсетсе, жұмыс берушіге ұнаса, компанияда ресми түрде жұмысқа орналасуға да мүмкіндігі бар.

 

Регион: 
Алматы қ.
11.02.2020