Call-center 1411

Вы здесь

Алматы қаласында үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Алматы қаласының әкімдігінде Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, онда ҚР Бас прокуратурасының 2017-2018 жылдары мүгедектердің құқықтарын сақтау, мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін
белгілеу, сондай-ақ тұлғаларды куәландыру қажеттілігін анықтау; 2019 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектерді оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша тексеру нәтижелері қаралды.
Іс-шараға Алматы қаласы мемлекеттік органдарының басшылары мен үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты. Халықты жұмыспен қамту орталығынан директор Д. Б. Иманқұлова қатысты, ол 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мүгедектігі бар тұлғаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Регион: 
Алматы қ.
11.02.2020