Call-center 1411

Вы здесь

Бағдарама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орынға орналасу

Талас ауданы Тамды ауылының тұрғыны Сейтмахан Байқұлов аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына ағымдағы жылдың 1 маусымында жұмыссыз ретінде тіркелген.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы үстіміздегі жылдың 18 маусымында ауылдағы «Қыдырбек» шаруа қожалығына әлеуметтік жұмыс орнына жолданып, 6 қараша күні жұмысын аяқтаған. Бүгінгі күні сол шаруа қожалығында тұрақты жұмыс атқаруда. Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс беруші мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы келісім-шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, олардың жалақысын субсидиялау арқылы құрылады. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша болып табылады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды береді: 1) өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған кезде); 4) білім беру құжатының көшірмесі (бар болған кезде).

 

Регион: 
Жамбыл облысы
АӨК инфрақұрылымы
, 25.12.2019