Call-center 1411

You are here

ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ОҢ ПІКІР

Рамазанова Шұғыла Нартайқызы 2001 жылы туған, Шал ақын ауданының Жанажол ауылында тұрады.

Мектеп бітірген соң «Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжіне» оқуға түсіп, 2020 жылы оқуын аяқтап, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігімен қоса, «негізгі орта білім» мамандығы бойынша диплом алды.

Мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай, 2020 жылдың маусым айында Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытын іске асыру шеңберінде берілген өтінімге сәйкес «Г.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі» КММ-не әдіскер ретінде жастар тәжірибесіне жіберілді.

Екі ай жұмыс істеп, өзін сауатты маман ретінде көрсете отырып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасты.

Шұғыла Нартайқызының айтуынша, еңбек жолы «Еңбек» бағдарламасының арқасында басталған. Колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне жұмысқа орналасуда қиындықтар туындаған жағдайда, ол Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге кеңес береді.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 29.11.2020