Call-center 1411

You are here

Тимирязев ауданында бизнесті дамыту

Лаура Владимировна Саркисян, 1965 жылы туған, Грузия, Тбилиси қаласының тумасы.

1966 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауылында тұрады, Тимирязев орта мектебін бітірді, 1982 жылы Қарағанды медициналық училищесіне түсті, бірақ тамамдамаған. Тұрмысқа шығып, үш бала туды: қызы және екі ұлы бар.

Лаура Владимировнаға сауда жасау әрқашан ұнайтын. Өзінің коммерциялық қызметін 1994 жылы нарықта бастады.

2001 жылы базар аумағында дүкен ғимаратын сатып алады, сол кезде салық қызметі органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі. 2006 жылы жөндеуден кейін дүкен ашады.

2012 жылы дүкен ғимаратының бір бөлігін қайта жабдықтап, дәмхана ашады.

Лаура Владимировна 2015 жылы Жұмыспен қамту орталығына жүгініп, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында шағын несие алуға жолдама алды.

Сол жылы ол үш миллион теңге көлемінде несие алды. 

Алынған қаражатқа Л. В. Саркисян үстелдер, электр жабдықтары, ас құралдары сияқты кафеге арналған жабдықтар сатып алды, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізді.

 Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Лаура Владимировна Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына қайта жүгінді.

Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша бизнесін дамытуға несие алу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на өтінім берді.

Құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін екі миллион теңге көлемінде шағын несие алды, оған Лаура Владимировна ыстық тағамдарды жеткізуге арналған автокөлік сатып алды.

Дәмхананың атмосферасы жайлы, керемет тағамдар дайындалады. Тимирязев ауылы тұрғындарының кешті жақсылап өткізуіне мүмкіндіктер жасалған.

Лаура Владимировнаның жұбайы мен қызы отбасылық бизнесті қолдайды және көмектеседі.

Болашақта Саркисян отбасы дәмхананы қайта құруды жоспарлап отыр: орын санын көбейтпекші, жазғы алаң мен балаларға арналған балмұздақ дәмханасын ашпақшы.

 

 

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 29.11.2020