Call-center 1411

You are here

Алға ауданында рекруттық топ түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың 15 шілде күні «Алға аудандық жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі жанынан құрылған рекруттық топ Бестамақ ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды. Рекруттық топ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында және Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 9 адам кеңес алып, 1 азаматқа «Еgov» электронды үкімет порталы арқылы АӘК-ке өтініш тапсыруға көмек көрсетілді, 5 азаматқа АӘК жәрдемақысына электронды өтініш беру жолдарын үйретті. Сонымен қатар, оқу орнын бітірген 7 түлекке «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысға ұсыныс білдірілді.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
17.07.2020