Call-center 1411

You are here

Құрманғазы ауданы бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында күні-бүгінге атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

 

Құрманғазы ауданы бойынша  «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында Сүйіндік-Асан-Үштаған ауылдарына  магистральды су құбыры жүйесінің  құрылыс жұмыстарына  барлығы 166 адам, оның 83-і жұмыспен қамту орталығы  арқылы қамтылу жоспарланып отыр.  Күні  бүгінге  35 адам  жұмысқа жолданып, оның 11-і жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтылды.   Сүйіндік орта мектебінің  интернатын күрделі  жөндеуден  өткізуге 24  адам,  оның 12-сі жұмыспен қамту орталығы арқылы қамтылу жоспарланған.  Сүйіндік орта мектебінің интернатын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына жергілікті жұмыссыздарды тарту мақсатында 3 маусым күні  аудан орталығынан 250 шақырымда шалғай орналасқан Сүйіндік ауылдық округінде осы бағдарламаны іске асыру іс-шаралар жоспарына сай құрылған рекруттіқ мобильді топ жұмыс жасап бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде осы жоба бойынша  12 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы  жұмыспен қамтылды. 2 жоба бойынша барлығы  59 адам жолданып, оның 25 жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс жасауда.  Жұмысқа кірушілерге толық құрамды дәрігерлер бригадасы қызмет етіп 086- медициналық анықтамаларын сол жерде толтырып алуға жағдай жасалды. 
 

 


Орталық  директоры:                                                                       Б.Утеулиев

Аймақ: 
Атырау облысы
15.07.2020