Call-center 1411

You are here

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру

 

Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және құру бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығынан Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары ағымдағы шоттарына еңбекақылары мөлшерінен кепілдендірілген 35% алатын болады.

Сонымен қатар, жұмыс беруші жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге көзделген өз шығындарының бір бөлігін және заңнамада көзделген салықтық шегерімдерді өтей алады.

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 170 шарт жасалды, 408 адам (жоспар бойынша – 420 адам)  жіберілді.

Сонымен қатар, өздерін жақсы жағынан көрсеткен қатысушылар тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
13.07.2020