Call-center 1411

You are here

Темір ауданында мобильді ректруттік пункт жұмысын жасауда

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен «2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы қабылданған. Темір ауданында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша әлеуметтік сала, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру бойынша 15 инфрақұрылымдық жобаға 137 адам жұмысқа орналастыру жоспарланды. Оның ішінде автокөлік жолдарының, су құбырларының, электр және газ желісінің құрылысы, кәріз жүйесінің жөндеу, медициналық пунктінің құрылысы жұмыстары. Осыған орай «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасын түсіндіру жұмыстары үшін Шұбарқұдық ауылында, Шұбарши ауылында, Алтықарасу ауылында мобильді рекруттік пунктілері өз жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күнге рекруттік пунктілердің қорытындысымен 14 жобаға 100 жұмыс іздеуші маусымдық жұмысқа орналасты.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
18.06.2020