Call-center 1411

You are here

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» жобасы аясында Алға ауданы бойынша мобильді рекрутті пункті түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Бүгін 17 маусым күні Алға қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» жобасы аясында ауданымыздағы жүргізіліп жатқан жол жөндеу, құрылыс нысандарына қажет уақытша жұмыс орындары туралы түсіндірме жұмыстары жүргзілді. Мобильдік рекруттық пункттің негізігі мақсаты Алға ауданына қарасты, Тамды ауылдық округінде орналасқан дамбыны жөндеу жұмыстарына қажетті мамандықтар бойынша азамттарды жинау болды. Нәтижесінде ниет білдіруші 4 азаматтың өтініштері қабылданып, жұмыс беруші өкілдігіне құжаттары жолданды.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
17.06.2020