Call-center 1411

You are here

Жұмыспен қамту жол картасының орындалысы

 

          Биылғы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама бағыттарына 23 566 адамды тартып, 4 988,1 млн.теңге игеру жоспарланып отыр. Бағдарлама бағыттарымен жыл басынан бері 6 709 адам қамтылып, 1 362,7 млн.теңге игерілді. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 250 адамды кәсіптік техникалық даярлау және 1 610 жұмыссыздарды қысқа мерзімді курстарда оқыту жоспарланды.

360 адам қысқа мерзімді курстарға оқуға жолданды, оның ішінде  «Теңізшевройл» мекемесінің сұранысы бойынша - 341 адам.

Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап 250 адам кәсіптік колледждерде оқуын бастайды. Биыл екінші бағыт бойынша «Бастау-Бизнес» жобасымен 1 000 адамды оқыту жоспарланды, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен оқу онлайн режимінде 10 маусымынан қала мен барлық аудандарда басталды. Оқытылатын адамдардың тізімі нақтыланып, оқу кестесі келісіліп, бекітілді.

          351 адамға 1 646,5 млн.теңгеге несие, 434 адамға 200 АЕК мөлшерде гранттар беріледі. Күні бүгінге 25 адам грантты алды және 90 адамға 656,2 млн.теңгеге несие берілді, оның ішінен жоспардан бөлінген қаражат есебінен 56 адамға 394,0 млн.теңге және қайтарылған қаражат есебінен 34 адамға 262,2 млн.теңге.         17 адам несие бойынша кепілдендірілді.

          Бағдарламаның үшінші бағытымен 19 901 адамды қамту жоспарланды, оның ішінде: 397 адамды – әлеуметтік жұмыстарға, 1 140 жастарды – Жастар практикасына, 6 364 адамды – қоғамдық жұмыстарға және 12 мың адамды ваканттық жұмыс орындарына орналастыруды.

          Жыл басынан бері үшінші бағытпен 6 217 адам қамтылды оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 2 344 адам, уақытша жұмыстарға 3 873 адам жолданды (әлеуметтік жұмыс орындарына 327 адам, Жастар практикасына 240 жас түлек және қоғамдық жұмыстарға  3 306 адам).

 

Аймақ: 
Атырау облысы
17.06.2020