Call-center 1411

You are here

Грант

Бағдарламаға қатысушы Әбілхайров Талап Қуанбайұлы 19.06.1991 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 

2019 жылдың мамыр айында Аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының» екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Жас Кәсіпкер» жобасына қатысып  жеке кәсіпкер Әбілхайров Талап NEET санатындағы жастарға, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа бөлінген 200 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі қаражатқа өз жобасын ұсынып, мемлекеттік грантты ұтып алып, ұялы байланыс қызметін жөндейтін орталық ашып, ішіне телефон жөндейтін құрал-жабдықтарын сатып алды, қазіргі таңда сол кәсібін дөңгелетіп, өз табысын табуда. Мемлекет осындай жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіруде. 

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 16.06.2020