Call-center 1411

You are here

Пресновка ауылында қосалқы бөлшектер дүкенінің ашылуы

1965 жылы туылған Фарит Андреевич Муфтяхетдинов Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданының Пресновка ауылында тұрады, үйленген, білімі – орта-техникалық, Преснов кәсіби училицесін бітірген.
2001 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысып, сауда нүктелерін ашқан. Уақыт өте келе бизнесін кеңейтуге бел буды.
2020 жылы Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қосалқы бөлшектер сату бойынша жаңа дүкен ашу үшін 6,0 млн.теңге сомасында шағын несие алды.
Дүкен ашу үшін үлкен бөлмені жалдай отырып, сауда жабдықтарын,  автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектер, ЖЖМ, құралдар және т.б. сатып алды. Күн сайын дүкеннің сатып алушыларының саны артуда.
Фарит Андреевич заңды тұлғалармен келісімшарт жасасу арқылы дүкенде қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысады. Бір жұмыс орны құрылды.  

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу
, 27.05.2020