Call-center 1411

You are here

Ырғыз ауданында инфрақұрылымдық жобаларда жұмыстар жалғасуда

Ақтөбе облысы әкімінің бекітілген тізіміне сәйкес Ырғыз ауданында 8 жобаны іске асыру және 111 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Бүгінгі күні 8 жобаның жеңімпаздары анықталып, 3 нысанның 2 күрделі және 1 орташа жөндеу жұмыстары басталып кетті. ЫРҒЫЗ АУДАНЫ әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде есепте тұрған жұмыссыздар жолданды. "Байұлы НС" ЖШС-гі Т.Жүргенов - 4 адам, Т.Жаманмұрынов - 5 адам күрделі жөндеуге жіберілді және Ырғыз ауылының жаңа үйлер жағына жарықтандыру жұмысы басталып кетті. Жеңімпаз мердігер "Строй НЕФ" ЖШС-і 5 адамды жұмыспен қамту жолдамасы арқылы алды. Қалған жеңімпаздар құрылыс жұмыстарының материалдарын жинақтап жатыр жұмыс енді басталады.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
22.05.2020