Call-center 1411

You are here

Шалқар ауданында инфрақұрылымдық жобаларда жұмыстар жалғасуда

Ағымдағы жылға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Шалқар ауданында 14 іске асырылатын жоба аясында жұмысқа орналастыру жоспары барлығы 412 адам оның «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 206 адамын жұмысқа жіберу жоспарланған. Атап айтсақ берілген жоспарға сәйкес 5 әлеуметтік мәдени нысандар бойынша құрылатын жұмыс орындарының жоспары 149 адам болса оның 74-і «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы жіберу жоспарланған. Инженерлік және көліктік инфрақұрылым нысандары бойынша 9 нысанда құрылатын жұмыс орындарының жоспары 263 адам болса оның 132-сі аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы жіберу жоспарланған. Аталған жұмыстарға аудандағы жұмыссыз азаматтарды жіберу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ: 1. Әйтеке би көшесінің Жұбанова көшесінен Шалқар көлінің жағасына дейінгі асфальт жамылғысын орташа жөндеу (770 м) жұмыстарына барлығы 9 адам, «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 4 адам жіберілді. 2. Есет Көтібарұлы көшесінің Жұбанова көшесінен Шалқар көлінің жағасына дейінгі асфальт бетін орташа жөндеу (770 м) жұмыстарына барлығы 10 адам,«Жұмыспен қамту орталығы арқылы» 5 адам жіберілді. 3. Мөңке би ауылдық округіндегі Мөңке би көшесін орташа жөндеу жұмыстарына барлығы 34 адам, «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 17 адам жіберілді. 4. Шалқар ауалдық округіндегі Т.Шанова атандағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 12 адам, «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 6 адам жіберілді. 5. Қауылжыр ауылдық округіндегі ГКС-12 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 42 адам, «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 21 адам жіберілді. 6. Шалқар қаласындағы №6 орта мектеп-интернат ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 66 адам, «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 33 адам жіберілді. Аталған 6 жоба бойынша жолдарды жөндеу және мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 173 адам оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 86 адам жұмысқа жіберілді. Алдағы уақытта да басталған жобаларға жұмысшыларды жіберу жалғасын табатын болады.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
22.05.2020