Call-center 1411

You are here

Өз SMM агенттігін ашу

Сағнаев Бексұлтан Құнанбайұлы 1998 ж. т., Нұр-Сұлтан қаласында тұрады, жас кәсіпкер. Әлеуметтік желілердегі жарнама инфрақұрылымына көңіл бөлгеннен  кейін, Бексұлтан smm жарнамамен, трендтермен және үрдістермен әуестене бастады. Б. Сағнаевтың өз ісін құру идеясы, smm-менеджер болып жұмыс істегенінде пайда болды. Кейін «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша білім алуға шешім қабылдады. Сертификат алып, қыркүйек айында елордалық  жұмыспен қамту орталығына, өз ісін ашуға бастапқы капитал алу үшін жүгінді. «Inspirit» бизнес-жобасын қорғап, 505 000 теңге көлеміндегі мемлекеттік гранттың иегері болды. Алынған қаражатқа фотоаппарат және барлық қажетті жабдықтар сатып алды. Бүгінгі күні 4 Жұмыс орнын құрды. Болашақта Бексұлтан smm агенттігін кеңейтіп, клиенттік базасын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант идеяны іске асыруға мүмкіндік берді.

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 06.05.2020