Call-center 1411

You are here

Елордалық жұмыспен қамту орталығында жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау басталды

Бейбітшілік көшесі 25 мекен-жайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығында жұмыссыз азаматтарды тегін оқытуды ұйымдастыру үшін кадрлар қажеттілігі бар жұмыс берушілердің өтінімдері қабылдануда.  

Кәсіптік оқыту бойынша бірлесіп жұмыс атқару үшін жұмыс берушіге кепілдік хат-өтініш (кадрларға қажеттілікті көрсету) ұсыну  жеткілікті, содан кейін таңдаған мамандығы бойынша оқығысы келетін және жұмыс істегісі келетін жұмыссыз азаматтармен сұхбаттасу үшін бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесіне мәлімделген ұйымдар шақырылады.

Жұмыс берушілердің жұмыссыздарды таңдауын ескере отырып, Жұмыспен қамту орталығы үміткерлерді тегін оқуға жібереді. Оқуды аяқтағаннан кейін білікті маман жұмыс берушінің ұйымына  тұрақты жұмысқа орналасу үшін барады.

Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында талап етілген біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіби дағдыларды жедел меңгеруге бағытталған.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатқан «Еңбек» бағдарламасының қатысушыларына, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан, жұмыссыз тұлғалар жатады, олардың ішінде NEET санатындағы жастардың, аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелерінің, еңбекке жарамды мүгедектердің, қысқартылған қызметкерлердің басым құқығы бар.

Нұр-Сұлтан қаласы  әкімдігінің  Халықты жұмыспен қамту орталығы, кәсіптік оқыту  бөліміне хабарласыңыз  +77172 95 44 18/16

Регион: 
Нұр-Сұлтан қ.