Call-center 1411

You are here

Төсек жинақтарын тігу бойынша тігін цехын ашу

Жамаш Сандуғаш, 1993 ж.т., жас кәсіпкер. Егер өз ісінді ашқын келсе, бірақ қаражат пен тәжірибе жетіспесе не істеуге болады? Сонымен қатар ештеңе жоғалтқыңыз келмесе! Біздің ұсынысымыз – Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініңіз. Мысалы Сандуғаш солай істеді. 2019 жылдың қыркүйек айында «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытына бойынша қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Содан кейін, біздің мамандарымыздан жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі туралы білді. «Төсек жинақтарын тігу бойынша тігін цехын ашу» атты бизнес жобасын қорғап, 505 000 теңге көлемінде грант алды. Алынған қаражатқа өнеркәсіптік тігін машинасын, тігін жабдықтары мен үтіктеу үстелін сатып алды. Кәсібін бастағаннан кейін және қазірдің өзінде жұмысын сәтті жүргізуде. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы идеяны іске асыруға және өз ісін дамытуға мүмкіндік берді!

 

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 06.03.2020