Call-center 1411

You are here

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Бүгін Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен жұмыссыз жүрген азаматтар үшін, сонымен бірге пробация есебінде тұрған, жазасын өтеу орындарынан босап келген және алимент төлемейтін адамдарды жұмыспен қамту бағытында бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге облыстағы 24 ірі мекемелер қатысты. Оның ішінде: «Нефтестройсервис ЛТД», «ККТС», «Оризон», «Болашак-Атырау», «Денхолм Жолдас», «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед», «ЮСС Суппорт Сервисез», «Сенімді Құрылыс», «Карат», «ПСН Казстрой», «Спецавтобаза», «КМГ-Бұрғылау», «Казстройпремиум», «ККС-Сичим», «Мұнай көлік», «Теназ Менеджмент», «Эйрсвифт», «Атырауинжстрой», «New Ascent» ЖШС-і, «Сичим С.п.А Казахстан», «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг& Прокьюрмент C.А.Л.-Офшор», «Чайна Нэйшенл Кемикал Инжиниринг Ко. ЛТД» компания филиалдары, Жоғары спорт шеберлігі мектебі, Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі  және т.б.

Олармен 983 ваканттық жұмыс орындары ұсынылды, оның 268-і инженерлік позициялар бойынша келесі мамандықтар (экономист, ақпараттық технологиялар маманы, БӨАжА инженері, инженер жобалаушы, инженер-технолог, түрлі саладағы технологтар, құрылыс шеберлері және аудармашы, психолог сияқты т.с.с. мамандықтароның), 715-і жұмысшы мамандықтары (жүк ілуші, бетоншы, арматуршы, құбырмонтаждаушы, электрмонтаждаушы, ағаш сатылы монтаждаушы, электрик, дәнекерлеуші, жүргізуші, автокран машинисі, ұста, аспаз, ас бөлме қызметкерлері, жұмысшы, тазалаушы, жөндеуші, механик, түрлі бағыттағы операторлар және т. б).

Жәрмеңке қорытындысымен жұмыс орындарында тестілеу арқылы мамандар жұмысқа қабылданады.

Аймақ: 
Атырау облысы
14.02.2020