Call-center 1411

You are here

Петропавлда «FitnessCAT» фитнес орталығының ашылуы

Екатерина Евгеньевна Башкатова, 1994 жылы туған, Петропавл қаласында тұрады, білімі жоғары - театрланған қойылымдар мен мерекелердің режиссері.Тұрмыс құрмаған.
Петропавл қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген  кезде жұмыссыз болатын. 2019 жылдың маусымында Екатерина «Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес-жобасын сәтті қорғап, сертификат алған болатын. Құжаттар топтамасын жинап, комиссия қарауына өзінің фитнес-орталық ашу жөніндегі бизнес-жобасын ұсынды. Екатерина Евгеньевна үй-жайды жалға алып, ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізді, құрал-жабдықтар, жиһаз және айналар сатып алды.  Екатерина сабақ өткізуге арналған үй-жайларды жалға береді және өзі фитнес оқытумен айналысады.Қазіргі уақытта фитнес-орталыққа ересектер де, балалар да келеді. Онда фитнес, йога, стрэйчинг, көркем гимнастика, каратэ, шығыс биі және зумба, хореография секциялары, сондай-ақ вокалдық студия жұмыс істейді.Әкімші, тазалаушы, фитнес жаттықтырушысы сияқты қосымша жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 06.02.2020