Call-center 1411

You are here

Алматы қаласының әкімі Халықты жұмыспен қамту орталығына келді

2020 жылдың 4 ақпанында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапармен Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына келді. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Сейдахметқызы Шимашева мен Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Бауыржанқызы Иманқұлова Алматы қаласының әкімін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту бағдарламалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен, сонымен бірге, "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен таныстырды.
Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған. Электрондық кезек жүйесі орнатылды және өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы құрылды, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жеткізу қамтамасыз етілді.
Электрондық кезек жүйесі орнатылды және өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы құрылды, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімділік қамтамасыз етілді.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
04.02.2020