Call-center 1411

You are here

Арманшыл студенттен жас кәсіпкерге дейін

Мешітхан Әділ 1998 жылы туған, жас кәсіпкер. Тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша қатысу үшін өтініш білдірген. Оның өз ісін құру туралы ойы студенттік жылдары пайда болды. Кейін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі туралы біліп, полиграфия ашуға шешім қабылдады. «Компьютерлік қызметтер және шағын полиграфия» бизнес жобасымен таныстырып, 505 000 теңге көлемінде грант алды. Алынған қаражатқа қажетті жабдықтар сатып алды. Бастау алғаннан кейін 1 жұмыс орнын құрды және қазір бизнесін табысты жүргізіп жатыр. Болашақта кеңейіп «Шағын несиелеу» бағдарламасына қатысуды жоспарлап отыр. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ойын жүзеге асыруға және өз ісін дамытуға мүмкіндік берді.

 

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 04.02.2020