Call-center 1411

You are here

Жұмыспен қамту орталығы пробация қызметінде есепте тұрған адамдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды тұрақты түрде қабылдауды жүзеге
асырады.Пробация қызметінде есепте тұрған адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсету кезінде Жұмыспен қамту орталығы мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
        - халықты жұмыспен қамту орталығының бос жұмыс орындары базасында бар жұмыссыздарды бос жұмыс орындарына жібереді;
        -  жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді;
        - жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жібереді;
        -  жұмыссыздарды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби даярлауға,
        - қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жібереді,
        - кейіннен оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
        - жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналастырады.
Өткен жылы жұмыспен қамту орталығында Пробация қызметінде есепте тұрған 532 адамға кеңес берілді, олардың басым бөлігі бейресми жұмыс істеді, тек 30 адам қолдау шараларымен қамтылды: 14 адам тұрақты жұмыс орындарына, 5 қоғамдық жұмысқа, 1 әлеуметтік жұмыс орнына, 10 адам жаңа мамандық бойынша білім алды,- деп атап өтті жұмыспен қамту орталығының қызметкері Жания Тұрғынова.
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын және жұмысқа орналастыру кезінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында, Алматы қаласы Алатау, Әуезов, Жетісу, Наурызбай, Медеу, Бостандық, Алмалы және Түркісіб аудандарының пробация қызметі бөлімдерінің бастамасымен ағымдағы жылы Алматы қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен кездесу өтті.
Жалпы 16 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі 87 адам қатысты, олардың 42-і бейресми жұмыс істейді, 5-і денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан бас тартты, 6 адам ресми жұмысқа орналастыру шарты бойынша жұмыс істейді. 87 азамат қатысқан ақпараттық-түсіндіру және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жұмыспен қамту орталығының қызметкері Жания Тұрғынова жүргізді. Ол "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бағыттарын түсіндірді, жаңа кәсіпті тегін оқыту, бизнес-идеяларды іске асыру және  тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жұмыссыз ретінде есепке қою тәртібі туралы ақпарат берді, бар бос жұмыс орындарын ұсынды.
 -  "Мұндай кездесулер сотталған азаматтардың өз қателіктерін түсінуге мүмкіндіктері болып, қоғамға әсер етуі үшін қажет. Қазір біздің осы бағыттағы жұмысымыз дайындалған жоспарға сәйкес жалғасып жатыр. Біз жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуына көмектесееміз. Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығы аталған санаттағы 27 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелген,2 адам қысқа мерзімді тегін курстарға жазылды,- деді Жания Тұрғынова. Сонымен қатар, азаматтармен кеңес беруден басқа, өзін-өзі тану, шеберлік, дағды бойынша тестілеу өткізіліп, кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар көптеген сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
27.01.2020