Call-center 1411

You are here

Бағдарлама шеңіберінде сән салоны ашылды

Бағдарламаға қатысушы Салькенова Жадыра Салькеновна 30.12.1997 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген.
2019 жылдың мамыр айында Аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының» екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Жас Кәсіпкер» жобасына қатысып  жеке кәсіпкер Салькенова Жадыра NEET санатындағы жастар бойынша  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа бөлінген 200 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі қаражатқа өз жобасын ұсынып мемлекеттік грантты ұтып алып, «Даяна» сұлулық салонын ашып, алынған қаражатқа сұлулық салонға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алды, қазіргі таңда сол бағытта жұмысын жасап өз табысын табуда. Мемлекет осындай жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіруде. 

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 23.01.2020