Call-center 1411

You are here

Өз ісін ашам дегенге - мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бағдарламаға қатысушы Тілепберген Ақтілек Дағыстанқызы 03.04.1996 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 2019 жылдың мамыр айында Аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының» екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Жас Кәсіпкер» жобасына қатысып жеке кәсіпкер Тілепберген Ақтілек NEET санатындағы жастар бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа бөлінген 200 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі қаражатқа өз жобасын ұсынып мемлекеттік грантты ұтып алып, «Сұнқар» оқу орталығын ашып, оның ішіне оқуға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алды, қазіргі таңда ағылшын тілі, бастапқы сауат ашу пәндері бойынша оқытып жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекет осындай жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіруде.

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 23.01.2020