Call-center 1411

You are here

Халықты жұмыспен қамту туралы

Құрылған жұмыс орындарына үнемі мониторинг жүргізіледі. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 22 619 жұмыс орны құрылды, оның 14 897–і тұрақты. Тұрақты жұмыс орындары: құрылыста – 8 156, ауыл шаруашылығында – 1 777, білім беруде – 1 035, көлікте – 547, өнеркәсіпте – 339, денсаулық саласында – 245, саудада – 162 және экономикалық қызметтің басқа түрлерінде – 2 636 орын ашылды.
2019 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 4 908,1 млн. теңге бөлінді және 28 100 адамды қамту жоспарланды. Есепті кезеңде бағдарламамен 28 344 адам қамтылды. Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2 342 адамды қамту жоспарланып, 513,3 млн. теңге бөлінді. Қысқа мерзімді оқуға 2 403 адам жолданды, оның ішінен 2 329-ы оқуын аяқтап, 1 537-і тұрақты жұмысқа орналасты (66%). 493 адам облыстағы кәсіптік колледждерде оқуларын жалғастыруда. 2019 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап 250 адам жаңадан еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқуды бастады. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты шеңберінде 3 803 адамды қамтуға 2 475,1 млн. теңге бөлінді. 2020 жылдың 1-ші қаңтарына «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2 122 адам жолданды, оның 2 000-ы оқуын аяқтап, 179-несие және 499- грант алды. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 616 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, оның 600-ы оқуын аяқтап, олардың ішінен 305-і грант алды(200 АЕК). Жалпы екінші бағыт бойынша 438 адамға 2 447,0 млн. теңгеге несие берілді, оның ішінен жоспардан бөлінген қаражат есебінен 389 адамға 2 129,4 млн. теңге және қайтарылған қаражат есебінен 49 адамға 317,7 млн. теңге. Несие алушылармен қосымша 92 жұмыс орны құрылды.
851 адамға жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға мемлекеттік грант беріліп, өз істерімен айналысуда. 48 адам несие бойынша кепілдендірілді. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту үшінші бағыты бойынша 21 955 адамды жұмыспен қамтуға 1 901,1 млн. теңге бөлінді.
Бағдарламаның үшінші бағытымен 21 754 адам қамтылды, оның 462-і әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасты, 1 325 жас маман Жастар тәжірибесіне жолданды, бос жұмыс орындарына 13 602 адам орналасты, қоғамдық жұмыстарға 6 365 жұмыссыз жолданды.

 

Аймақ: 
Атырау облысы
13.01.2020